Жарнама
Жаңалықтар

Қауіпсіз ойыншықты қалай таңдаймыз?

 Әрбір ата-ана балаларына мерекелерде, туған күндерінде, тіпті болмаса кез келген уақытта қуаныш сыйлау үшін тосын сый жасап, ойыншық сатып алуға асығады. Осындайда базар, дүкен сөрелерінде самсаған түрлі-түсті осы тауарлардың қаншалықты қауіпсіздігін анықтай білген жөн.

1015964362 2

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, алдымен, ойыншықтың сыртқы пішініне, оның, жабысқақ болмауына назар аудару қажет. Қолмен ұстағанда бояуы жұқпауы тиіс. Себебі, бала, әсіресе, кішкентай сәби әр нәрсені аузына салады, ал, сілекеймен бірге зиянды бояу ішкі құрылыстарына түсіп, денсаулығына зиян келтіреді. «Кейбірінің  шеттері, бұрыштары өткір, үшкір болады, бұл баланы зақымдауы ықтимал. Одан спецификалық жағымсыз иіс шықпауы, ызғырық  дыбысы болмауы тиіс. Оның таңбалануына, өндірушінің атауы мен тауар белгісі, қолдану шарттары, өндірілген мерзімі, шыққан елі орыс және қазақ тілінде жазылуы, балалардың жасына орай шектеулердің болуы қажет. Кеден Одағының мүше мемлекеттерінің бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс» дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Анар Шайхимова.

         Аталған сипаттардың бірі тауарда байқалса, оны алмаған жөн. Әсіресе, этикеткасында ешбір мәлімет жоқ немесе толық болмаса, мұндай тауар клиентке бірден күмән келтіреді. Қауіпсіз, сапалы ойыншықты арнайы дүкендерден іздеу керек. Себебі, бұлар өз өнімдерін белгілі сауда маркаларынан, барлық құжаттарымен алады.  «Былтыр облыстағы өнімнің қауіпсіздігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге  балаға арналған 275 өнім сынамасы, соның ішінде 163 ойыншық сатып алынды. Сараптамаланған өнімдердің 150-і немесе 54 пайызы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді. Баланың денсаулығы үшін қауіпті физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша  алтауының сәйкес еместігі анықталды. Ал, 163 ойыншық сынамасының 119-ы заң талаптарына қайшы болды. Осыған орай, барлық сәйкессіздіктер негізінде заңды шаралар қолданылды» дейді Анар Ибрагимқызы.

         Мұндай 98 ойыншық сынамасы алыс және жақын шет мемлекеттерден, ал, 21-і Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінген. Ойыншық саудасымен айналысатындар қазақ, орыс тілінде оны пайдалану нұсқаулығын және өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарын тұтынушыға сұрауы бойынша табыстауға міндетті. Егер сәйкессіз өнім анықталса, құзырлы органға – облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хабарлауға болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Фото — ozon-st.cdn

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button