Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Ауыр қылмыс ашылды, телефон ұрлығы тиылар емес

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев тұрғындар алдында есеп берді. Қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы межелерге тоқталды. Есепті жиынға аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев қатысты.

Politsiya p rmeni
Аян Дүйсембаев — Атырау облысы полиция департаменті бастығы

– Зорлау, қорқытып алушылық, автокөлік құралдарын заңсыз айдап әкету қылмыстарының ашылуы 100 па-йызды құрап, адам өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ұрлық пен тонау қылмыстарының ашылуы жоғары көрсеткіштерге жетті. Облыс көлемінде орын алған әрбір аса ауыр қылмыстарға жедел  ден қойылып, барлық қажетті жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде, былтыр жасалған аса ауыр қылмыстардың барлығы ашылды, — деді Аян Сәбитұлы.

Тергеп-тексеру шарасында анықталғандай, өткен жылы болған  14 қарақшылық және 128 тонау қылмыстары тұрақты жұмысы жоқ тұлғалармен жасалған. Ал, тіркелген  адам өлтіру қылмыстарының 22 дерегі облыс орталығындағы ойын-сауық орындарында болған.

Politsiya p rmeni2

– Сондай-ақ, жалпы тіркелген бұзақылық және ұялы телефондарды ұрлау  қылмыстарының саны азайғанымен, жүргізілген талдау бұлардың дені басым көңіл көтеретін ойын-сауық орындарында орын алғанын көрсетіп отыр. Осындай нысандарда болған 19 бұзақылық пен 100 ұялы телефон ұрлау  қылмыстарының басым бөлігі Вокзал маңында орналасқан мейрамхана-кафелерде орын алған. Осыған орай былтыр департамент тарапынан облыс орталығындағы мейрамханалар иелеріне – жеке кәсіпкерлерге жұмыс уақытын түнгі сағат екіге дейін шектеуге ұсыныс берілген еді. Алайда, бұл мәселенің бүгінге дейін шешімі табылған жоқ, — деді А.Дүйсембаев.

Аймақта өршіп тұрған қылмыстың бірі – мал ұрлығы. Оның алдын алу бағытында облыс көлеміндегі 1225 қыстақ орындары тексерілген.

– Құжаттандыру жұмыстары барысында тіркелмеген 19 қару тәркіленіп, қыстақтарда басқа елдерден келген шетел азаматтарының заңсыз жұмыс жасауының 26 фактісі анықталды. Ал, 6 қыстақ иесі мен 25 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деген департамент бастығы қазіргі таңда шешімін күткен мәселелерге тоқталды. Соның бірі – Атырау қаласына жақын орналасқан аудандарда болған қылмыстар мен оқиғалар бойынша хабарламаларға қызмет көрсету кезінде қиыншылықтардың туындауы.

Мәселен, Махамбет ауданының аумағына кіретін және Исатай ауданының аумағымен шекаралас елді мекендерде (Томан, 17-ші разьезд, Береке) орын алған қылмыстар мен оқиғалар бойынша Махамбет ауданының орталығынан, яғни, 90 шақырымнан келіп қызмет көрсеткенше, облыс орталығының 10-15 шақырым радиустағы қашықтықтықтан жедел жету ыңғайлы. Осындай мәселе Қызылқоға ауданының аумағында орналасқан кейбір елді мекендердің ара қашықтығына қатысты туындайды. Мұндағы кейбір елді мекендер Қызылқоға ауданының орталығынан 250 км, ал, Мақат ауданындағы  Доссор поселкесінен 20 км қашықтықта орналасқан.

Politsiya p rmeni3
фото — Ерлан Алтыбаев

– Осыған байланысты Махамбет ауданының шалғай аймақтарындағы елді мекендерді Атырау қаласына және Қызылқоға ауданының қашықта орналасқан елді мекендерін Мақат ауданына  қосу мәселесін қарастыруды сұраймын,- деп ұсыныс білдірді департамент бастығы.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button