Құтқару жалғасуда: Атыраулықтар «Безымянный» көлінен жағаға шығып қалған балықтарды теріп алып жатыр (+ ФОТО)

img 20210503 wa0029 Жаңалықтар

«Атырау қаласы, Бесікті ауылы маңындағы «Безымянный» көлінен балықтар су бетіне, жағаға шығып қалып жатыр» деп хабарлайды Аtr.kz

Қазіргі уақытта атыраулықтардың дені шелек, қапшықтарын арқалап, жағаға шығып жатқан тірі балықтарды теріп алуда.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі қайраңға шығып қалған балықтарды құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

«Атырау қаласы, Бесікті елдімекеніндегі “Безымянный” көліне Жайық өзенінен жайылымға өр сулары шығуына орай, көктемгі уылдырық шашуға кірген қаракөз балықтары қайырлап қалғаны анықталды.


​Осы ретте, Атырау қалалық әкімдігі, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасы мен Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, сондай-ақ, жастар мен еріктілердің белсенді қатысуымен, балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде 3 тонна балық құтқарылды. 470 келі болатын өлі балықтар санитарлық талаптарға сай, көму жолымен жойылды.


Сондай-ақ, қазіргі уақытта балық өтетін канал темір тормен жабылды. Балықтың  көлге өтуі тоқтатылды. Қалалық әкімдікпен коммуналдық жұмыстар атқарылуда.  Балық инспекциясы, Орал-Жайық бассейндік басқармасы  бұл жағдайда құзырлы орган болып табылады. Көлге шыққан балықтар балық кооперативтерімен, әкімдікпен жиналып қайтадан Жайыққа жіберіледі» делінген шұғыл хабарламада.

img 20210503 wa0034

«Аtr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз