Атырау қаласының әкімі «Фейсбукте» қойылған сұрақтарға жауап берді
Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы «Фейсбук» парақшасында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың дер кезінде жауабын беріп отырады. Назарларыңызға соның бір бөлігін ұсынамыз.
Медет Жусупов
Қала тұрғындары үшін жақсы жаңалық екен. Дегенмен бір сұрағым бар еді Самал шағын ауданының ішіне кіретін маршрут шығарылады ма екен? Рахмет!
Жауап: Атырау қалалық әкімдігі мен «Atyrau Avtopark» ЖШС-мен бірлесе отырып қалаға жаңадан автобустар сатып алу, қоғамдық көліктердің санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты №22 маршрут «Нұрсая шағынауданы – Самал шағын ауданы — Дина базары» бағыты бойынша қызмет көрсететін маршрутына тендер жарияланып қазіргі уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешімін табатын болады.
Маира Магзумова
Кала сыртына, атап айтканда, Жулдыз, Коктем, Аксай, Акжар молтек ауылдарына тасымал калай болар екен?
Жауап: Атырау қалалық әкімдігі мен «Atyrau Avtopark» ЖШС-мен бірлесе
отырып қалаға жаңадан автобустар сатып алу, қоғамдық көліктердің санын
көбейту жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты №58 маршрут «Дина
базары – Жұлдыз 1,2,3 шағынаудандары» бағыты бойынша және №53 маршрут
«Дина базары – Томарлы – Ақсай – Ақжар – Талғайраң – Бесікті ауылдары»
бағыты бойынша қызмет көрсететін маршруттарға тендер жарияланып қазіргі
уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер
қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешімін табатын болады.
«Көктем» шағын ауданына маршруттарды жүргізу ағымдағы жылы өткізілетін
тендер (ашық конкурс) аясында қарастырылатындығын қаперіңізге береміз.
Гулбану Жалекенова
Рахмет сизге.енди бир отиниш алмагул молтек ауданыан ,привокзальныйда
лесхоздагы мумкиндиги шектеули балаларга арналган орталыкка балалар
коп.4 маршрутты сал озгертип,осы лесхоздагы орталык жанынан отетин кып
жагдай жасаса екен.
Жауап: Атырау қалалық әкімдігі мен «Atyrau Avtopark» ЖШС-мен бірлесе отырып қалаға жаңадан автобустар сатып алу, қоғамдық көліктердің санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты №4 маршрут «Нұрсая шағынауданы – Алмагул шағынауданы – Дина базары» бағыты бойынша қызмет көрсететін маршрутына тендер жарияланып қазіргі уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешімін табатын болады.
Мариям Ергали
30а маршруты қалай болады? Нұрсая-Жилгородок бағыты бойынша маршрут неге жолға қойылмайды? Қашанғы таксимен жүреміз?
Жауап: Атырау қалалық әкімдігі мен «Atyrau Avtopark» ЖШС-мен бірлесе отырып қалаға жаңадан автобустар сатып алу, қоғамдық көліктердің санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты №30А маршрут «Атырау әуежайы – Жеңіс саябағы» бағыты бойынша қызмет көрсететін маршрутына тендер жарияланып қазіргі уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешімін табатын болады.
Гулбану Жалекенова
Сосын улкен
отиниш ,как положено билет берилсе,Астанадагы сиякты билетсиздерди
тексеруге рейд шыгып туратын болса,накты табыс аныкталып,налог
маселесине де он болар еди.жане автобус кестелери остановкаларга илинип
турса,тургындар да уйренер еди.уакытымен журетин кылып.Осынын бари
негизи киын жумыс емес гой.калада маошрут маселеси оте жаксы шешилсе
керемет болар еди.
Жауап: Қоғамдық көліктердердің электронды билеттеу жүйесі құрылғысының техникалық себептерге байланысты кейде жұмыс жасамауына «Смарт Атырау» КММ-сі және жүйе Операторы «Смарт ЖКХ» ЖШС-мен үнемі тексеріс жүргізілетіндігін және бақылауда болады
Гулбахрам Омарова
Құтты болсын.Нұрсая бағытына жүретін автобустар 4 жәйіде 4 экспресіде
тұлпар1,2 маңындағы Ниш қа тіке шығатын көшені қамтып жүрсе жақсы болар
еді.4 маршруттары апек маңымен айналады.Ең болмаса біреуін тұлпар1’2
комплексі тұрғындарына жақын көшені қамтыса.яғни аквадромнан Нишқа
дейінгі тіке көшені қамтыса
Жауап: «Нұрсая» ықшам ауданы бағытына «АйсТрансХолдинг» ЖШС тасымалдаушысымен қызмет көрсететін № 4 маршруты (Нұрсая ы/а – Тұлпар – Жетіқазына ы/а – Алмагул ы/а – Теміржол вокзалы) жүреді. Сіздің атап көрсеткен мәселеңізді назарға алынғандығын хабарлай отырып, аталған маршрут бекітілген сызба бойынша жүреді, сондықтан «Нұрсая» шағын ауданының ішкі бағытымен әзірге жүрмейтіндігін хабарлаймыз.
Салтанат Тулеуова
Мы готовы ждать. Только
выделите пожалуйста хоть один автобус для м. р. н Лесхоз 2. Дети,
особенно пенсионеры будут бесконечно благодарны вам. Хотя вы сами
понимаете забота о детях и родителях наша с вами долг!
Ответ: С января 2019 г. ГУ «Городской отдел ЖКХ, пассажирского транспорта и автомобильных дорог» будет проведен тендер на обслуживание городских и пригородных маршрутов. Общественный транспорт в мкр. Лесхоз 2 будет возобновлен на маршруте №7 по направлению «Лесхоз 2 – Авангард- Химпоселок – Кара Депо».
Rzagul Baitova
Аэропорт жакка карай автобус болса
Жауап: Атырау қалалық әкімдігі мен «Atyrau Avtopark» ЖШС-мен бірлесе отырып қалаға жаңадан автобустар сатып алу, қоғамдық көліктердің санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты №30А маршрут «Атырау әуежайы – Жеңіс саябағы» бағыты бойынша қызмет көрсететін маршрутына тендер жарияланып қазіргі уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешімін табатын болады.
Балжан Сагындыкова
Қала сыртында маршрут №50 Дамба — Балыкшыны — Дина базарына дейн ұзартып , билет құнына 50% қосуға болмас па екен??? » Өтініш»
Жауап: «Балықшы пос. – Дамбы с/ы» ықшам ауданы бағытына «АйсТрансХолдинг» ЖШС тасымалдаушысымен қызмет көрсететін №50 маршруты (Балықшы пос. – Дамбы с/ы) жүреді. Сіздің атап көрсеткен мәселеңізді назарға алынғандығын хабарлай отырып, аталған маршрут бекітілген сызба бойынша жүретінін, жол сызбасының бағыты өзгертілмейтінін қаперіңізге береміз.
Айгуль Каржауова
Қала іші 11 маршрутка керек. Жоқ
қой тіпті. Адамдар таксимен жүр. Авангард пен ескі базар аралығы.
Досмұхамедов, бұрынғы Московский көшесі бойымен.
Жауап: Қазіргі уакытта №11 маршрутына күнделікті жол сызбасына аз көлемде көліктер қызмет көрсетуде. Осыған байланысты, көліктер санын көбейту бойынша жұмыстар атқарылуда.
Мурат Хасанов
Самал мөлтек ауданын ұмытпаңыз, босаған транспорттарды пайдаланып Самалдан қалаға қатынайтын маршрут керек.
Жауап: Атырау қалалық әкімдігі мен «Atyrau Avtopark» ЖШС-мен бірлесе отырып қалаға жаңадан автобустар сатып алу, қоғамдық көліктердің санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты №22 маршрут «Нұрсая шағынауданы – Самал шағын ауданы- Дина базары» бағыты бойынша қызмет көрсететін маршрутына тендер жарияланып қазіргі уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешімін табатын болады.
Гинаят Мутигуллин
Автобус жургізушлерінің тәртібін мәдениетін дұрыстауга жумыстансаныз,
кондукторларды дурстасаңыз,кошеден кез келген адамды алмай. Сан
книжкадан өткізіп адамдармен жұмыс жасайалатын кісі алмасаңыз істің бәрі
бекер болады. Қала сыртындагы маршруттарды реттеу керек. Олар халыққа
кызмет көрсетіп журім деп ойламайтын сияқты. Керісінше халық оларга
қызмет корсету керек сияқты. Соны тусіндірсеніз.
Жауап: Жүргізушілер мен жолсеріктерге қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мақсатында күнделікті ескерту жұмыстары жүргізіліп отырады және жүргізушілер мен жолсеріктер санитарлық кітапшамен толықтай өткендігін қаперіңізге береміз, жәнеде қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен қоғамдық көліктерге жиі рейдтік шаралар жүргізіліп отырады.
Гульзада Исмурзиева
11 мен 1 маршруттар неге алмастырылмайды? Кондуктарлардын оздери айтып
отыр оте аз бузылып жатыр коби деп. Басында тендерге неге жібересіздер
ескі Газельдерді. Сасық Газельде надоело уже тоңкайып турған! Біз не
малбыз ба?
Жауап: №1 маршруттары «Айс Транс Холдинг» ЖШС-мен қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта, Атырау қаласы әкімдігі және «Атырау» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның жергілікті филиалының қолдауымен қала бойынша жол-көліктік инфрақұрылымын дамыту және қоғамдық көліктердің санын арттыру мақсатында «DaewooBusKazahstan» ЖШС-нен 150 (жүз елу) дана автобустар сатып алу жоспарлануда. Осы бағытта жаңа 65 (алпыс бес) дана автобус сатып алынған болатын. Алдағы уақытта, автобус саны жеткіліксіз маршруттарға қосымша қосылатын болады. Сонымен қатар, жаңадан ашылған ы/а және маршрут саны аз аймақтарға Л.Б. Гончаров атындағы Алматы қаласы Қазақ автомобиль — жол академиясының профессорларымен «Атырау қаласының 2017-2022 жылдар аралығында қоғамдық көлік кешенін дамыту тұжырымдамасы» аясында жаңадан маршрут сызбаларын бекіту бойынша ағымдағы жылы жарияланған тендерде (ашық конкурс) қарастырылады.
Назгуль Жулаева
Мкр. Самалға жүретін маршрут шығарыңыздаршы!!!
Жауап: Атырау қалалық әкімдігі мен «Atyrau Avtopark» ЖШС-мен бірлесе отырып қалаға жаңадан автобустар сатып алу, қоғамдық көліктердің санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты №22 маршрут «Нұрсая шағынауданы – Самал шағын ауданы- Дина базары» бағыты бойынша қызмет көрсететін маршрутына тендер жарияланып қазіргі уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешімін табатын болады.
Гульжанай Джуламанова
Жана автобус косканымен 2 маршрутты кутип узак турамыз, 12 маршруттан
4-5уи кеткенде 2 келеди, 2 ара кашыктыгы 12ге караганда узак, ол
тургындар калашагына бурылып кайтып шыкканша тагы бир 12 кетеди, осыны
бурыс жолга койуга болмай ма?
Жауап: «Балықшы – Теміржол вокзалы» ықшам ауданы бағытына «АйсТрансХолдинг» ЖШС тасымалдаушысымен қызмет көрсететін №2 маршруты (Балықшы пос. – Теміржол вокзалы) жүреді. Сіздің атап көрсеткен мәселеңізді назарға алынғандығын хабарлай отырып, аталған маршрут бекітілген сызба бойынша жүретінін қаперіңізге береміз жәнеде қосымша осы №2 қоғамдық көліктердің қатарына ағымдағы жылы қажеттілігіне сәйкес тағыда автобустар қоатын боламыз.
Улмекен Ажигалиева
СМП мен Жилгородок арасына автобус шығарыңдаршы таксиге жарты зп кетеді.
Жауап: «Контейнерная ы/а – Водников — Ширина» ықшам ауданы бағытына «АйсТрансХолдинг» ЖШС тасымалдаушысымен қызмет көрсететін №8 маршруты (Балықшы пос. – Теміржол вокзалы) жүреді. Сіздің атап көрсеткен мәселеңізді назарға алынғандығын хабарлай отырып, алдағы уақытта маршрут сандарын көбейту мақсатында жұмыстар атқарылуда және жалғасын табатындығына сенімімізді білдіреміз.
Фаризат Жексенгалиева
Нурсая молтек ауданына неге маршруттар коптеп шыгарылмайды, Нурсаянын
тургындары таксимен кашангы журмек.Жагдайы жок калтасы котермейтин
тургындар каншама.Неге каланын барлык жерин камтитын маршруттар
шыгарылмайды?Жане жол оте тар,жаяу жургиншилерге типтен жолдан отуге
мумкиндик,еш белги жок.Асиресе кун балшык,тайгак кундери киындык
тугызады.Улкен адамдарымыз бен сабактан келе жататын балаларымызга
обал.Неге жагдай жасалмайды?
Жауап: Атырау қалалық әкімдігі мен «Atyrau Avtopark» ЖШС-мен бірлесе отырып қалаға жаңадан автобустар сатып алу, қоғамдық көліктердің санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты №4 маршрут «Нұрсая шағын ауданы – Алмагул шағын ауданы – Дина базары», №22 маршрут «Нұрсая шағынауданы – Самал шағын ауданы- Дина базары» бағыты бойынша қызмет көрсететін маршруттарына тендер жарияланып қазіргі уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешімін табатын болады. Жаяу жүргінші жолын шешу мәселесі алдағы уақытта қаражат көзі бөлінуіне қарай жобалау — сметалық құжаттарын жасақтайтын нысандардың тізіміне енгізілетіндігін хабарлайды.
Аиман Биссекенова
Вокзал мен ауежай арасында журетин маршрут шыгарсаныз,керемет болар
еди.Сонын аркасында,вокзал,Привокзальный м/а Нурсаядан жету женилдеп
калар еди.Рахмет
Жауап: Атырау қалалық әкімдігі мен «Atyrau Avtopark» ЖШС-мен бірлесе отырып қалаға жаңадан автобустар сатып алу, қоғамдық көліктердің санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты №22 маршрут «Нұрсая шағынауданы – Самал шағын ауданы- Дина базары» бағыты бойынша қызмет көрсететін маршрутына тендер жарияланып қазіргі уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешімін табатын болады.
Райымбек Катифулла
Əлимұхаммед Құттымұратұлы, қоғамдық тасымал мынадай жаңа автобустармен
жаңарғаны, қуанарлық жəй екен. Бірақ, бұл əлі де аз. Əсіресе қаланың
ескі бөлігі ескі базар, мкр Атырауға қатынайтын номер 1, 11-ші
маршруттарына жүретін, əбден тозығы жеткен ескі газельдерді, жаңа, үлкен
автобустармен жаңартса жəне автобустардың санын көбейтсе жақсы болар
еді. Себебі қаланың бұл ескі бөлігінен орталыққа шығу өте қиын. Тозығы
жеткен, мыжырайған, тазалығы сын көтермейтін газельдерді сағатқа жақын
күтеміз, одан қалды тар газельдің ішіне малша тиеледі халық. Бұндай
жағдай, ешбір өркениетті елде жоқ. Ендігі айтарым, осы кезек
күттірмейтін, көптен бері мкр Атырау, ескі базар тұрғындарының əбден
шамына тиіп болған осы мəселені, көп кешіктірмей шешіп беруіңізді
сұраймын. Газелдерден құтқарып, жаңа автобустарды көптеп шығартуға күш
салсаңыз екен.
Жауап: №11 маршруты «Баймуханов С.М.» мекемесімен қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта күнделікті жол сызбасына аз көлемде көліктер қызмет көрсетуде. Осыған байланысты, көліктер санын көбейту бойынша аталған Тасымалдаушы мекемемен бірлесе отырып жұмыстар атқарылуда. Қазіргі уақытта №1 маршруты «Айс Транс Холдинг» ЖШС-мен қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта, Атырау қаласы әкімдігі және «Атырау» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның жергілікті филиалының қолдауымен қала бойынша жол-көліктік инфрақұрылымын дамыту және қоғамдық көліктердің санын арттыру мақсатында«DaewooBusKazahstan» ЖШС-нен 150 (жүз елу) дана автобустар сатып алу жоспарлануда. Осы бағытта жаңа 65 (алпыс бес) дана автобус сатып алынған болатын. Алдағы уақытта, автобус саны жеткіліксіз маршруттарға автобустар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, жаңадан ашылған ы/а және маршрут саны аз аймақтарға Л.Б. Гончаров атындағы Алматы қаласы Қазақ автомобиль — жол академиясының профессорларымен «Атырау қаласының 2017-2022 жылдар аралығында қоғамдық көлік кешенін дамыту тұжырымдамасы» аясында жаңадан маршрут сызбаларын бекіту бойынша ағымдағы жылы жарияланған тендерде (ашық конкурс) қарастырылады.
Маржан Абдрахманова
амансыз ба микр Атырауга ешкандай маршрут жок 20 маршрут 1 маршрут 11
маршрут дурыс журмейди журсе де онын ишинде туру мумкин емес автобус
емес ол курткандай газель оган да адамдар симайды бир отиниш осындай
улкен маршрут шыгарыныздаршы отинемин балыкшыга сосын ешкандай маршрут
жок
Жауап: Қазіргі уақытта №20 және №1 маршруттары «Айс Транс Холдинг» ЖШС-мен қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта, Атырау қаласы әкімдігі және «Атырау» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның жергілікті филиалының қолдауымен қала бойынша жол-көліктік инфрақұрылымын дамыту және қоғамдық көліктердің санын арттыру мақсатында«DaewooBusKazahstan» ЖШС-нен 150 (жүз елу) дана автобустар сатып алу жоспарлануда. Осы бағытта жаңа 65 (алпыс бес) дана автобус сатып алынған болатын. Алдағы уақытта, автобус саны жеткіліксіз маршруттарға автобустар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, жаңадан ашылған ы/а және маршрут саны аз аймақтарға Л.Б. Гончаров атындағы Алматы қаласы Қазақ автомобиль — жол академиясының профессорларымен «Атырау қаласының 2017-2022 жылдар аралығында қоғамдық көлік кешенін дамыту тұжырымдамасы» аясында жаңадан маршрут сызбаларын бекіту бойынша ағымдағы жылы жарияланған тендерде (ашық конкурс) қарастырылады.
Света Давлетова
Ақсайға 53 маршрут аз жүреді бұрын 15 минттық интервалмен жүретін еді демалыс күндері жүрмейтін болды ерте тоқтайды.
Жауап: Қазіргі уақытта «Қалалық тұрғын үй-шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 11 қаңтарында Атырау қалалық және қала маңы бағыттарында ортақ пайдаланатын тұрақты жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету құқығын беретін конкурс өткізілетіндігін хабарлайды. Осыған байланысты, «Дина базары-Томарлы-Ақсай-Ақжар-Талғайраң-Бесікті ауылдары» бағыты бойынша жүретін №53 маршрутына қызмет көрсететін мердігер мекемені анықтау мақсатында тендер жарияланып қазіргі уақытта мердігер мекемелерден құжаттама жиынтықтары жинақталуда. Тендер қортындысымен сіз атап көрсеткен мәселе шешілетіндігін қаперіңізге береміз.