Атыраулық жас самбошылар әлем чемпионатынан жүлделі оралды

WhatsApp Image 2018 09 03 at 17.14.02 1 Қоғам

Мұнайлы астананың үш спортшысы жаһанның түкпір-түкпірінен үздіктер жиналған додаға қатысты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-03 at 17.14.02 (1)

22-26 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Орел қаласында Самбо күресінен 2002-2004 жылы туылған мектеп оқушылары арасында Әлем Чемпионаты өткен болатын.
Әлемдік бәсекеге 30-ға жуық мемлекеттен 250 ең үздік жас балуандар қатысты. 42 келі салмақ дәрежесінде Қазбек Аңсаған ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанса, 46 келі салмақ дәрежесінде Әділет Хисапов пен 55 келі салмақ дәрежесінде Мәдениет Құлманов қола жүлдеге ие болды.

Айта кету керек, бұл дода балалардың жоғары дәрежедегі ең алғашқы сайысы. Бұдан бұрын №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары ел чемпионатында үздік атанған еді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз