Батыстың мұнайын Cамараға жеткізуге дәнекер

chneknk Экономика

«Индер» мұнай айдау стансасының құрылғанына – 50 жыл.

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы – магистралды мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. Ол «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді. Жалпы ұзындығы 5,4 мың шақырымды құрайтын әртараптандырылған мұнай құбыры желісіне иелік етеді. Отандық компанияның өндірістік нысандары еліміздің барлық дерлік өңірлерінде орналасқан.

Оның құрамына кіретін өндірістік бөлімшелердің бірі – өңірімізде Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Индер» мұнай айдау стансасы. Тарихы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталатын бұл кәсіпорын бүгінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның құрамындағы байырғы құрылымдардың бірінен саналады. Бірден айта кетелік, іргетасы кеңестік кезеңде қаланған станса мыңдаған шақырымға созылған құбыр бойымен Маңғыстау мен Атыраудың «қара алтынын» Самараға жеткізуге елеулі үлесін қосып отырған маңызды стратегиялық нысандардың бірі. Кезінде қойнауы қазынаға толы Маңғыстау аймағындағы кен орындарынан өндірілген «қара алтынды» Еділ-Жайық аумағындағы мұнай кәсіпшіліктерінің тобына тарту, сондайақ, бірыңғай технологиялық кешенге қатысушы мұнай құбырлары арқылы тасымалданатын мұнай мен оның қорын игеру жұмысына басшылық жасайтын құрылымдарды орталықтандырып, бір органға біріктіру қажеттілігі туындаған еді. Осылайша, «Өзен – Гурьев – Куйбышев» мұнай құбырының сенімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында КСРО мұнай өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Приволжье мұнай құбырлары басқармасының базасында Балықшы аудандық мұнай құбырлары басқармасы (орыс тіліндегі қысқартылған атауы БРНУ, мекен-жайы Гурьев қаласы) ұйымдастырылды. Бұл басқармаға жүктелген міндет – жалпы қашықтығы 222 шақырымды құрайтын «Гурьев – Калмыково» мұнай құбыры участогін қамту. Осы БРНУ-дың құрылу және қалыптасу кезеңінде оның құрамына мұнайды қыздыру пункті, резервуар паркі және құю эстакадасы бар «Гурьев», сонымен бірге «Карманов» қыздыру пункті, технололиялық көліктер және арнаулы техникалар цехы, өндірістік қызмет көрсету базасы, құрылыс-жөндеу участогімен бірге «Индер» мұнай айдау стансалары кірді. «Өзен – Атырау – Самара» магистралды мұнай құбырының 867-ші шақырымындағы Индер ауданы, Елтай ауылының аумағында орналасқан «Индер» мұнай айдау стансасының теңгеріміне құбыр бойымен айдалған шикі мұнайды белгілі бір температурада қыздырып, тиісті технологиялық режимдерді қатаң сақтай отырып, сапалы күйінде жөнелтілуіне мүмкіндік беретін Г9ПО2В және БТП – 10-М-Э пештері (барлығы 5 бірлік), 4 агрегатымен бірге магистралды сорапты станса, өрт сөндіру бекеті (көліктер тұратын боксымен бірге), лас заттарды тұтқыш сүзгі, қазандық, арнаулы техника, 32 орындық жатақхана, асхана, әкімшілік, тұрмыстық корпустары берілді. Бастапқыда мұнда еңбек ететіндердің саны 60-70 адаммен шектелсе, кейіннен жұмыс ауқымының ұлғаюымен байланысты бұл көрсеткіш айтарлықтай көбейді. Осылайша, ұжым ондаған жылдар бойына жетіқат жер астынан өндірілген мұнайдың мыңдаған шақырымдарға созылған магистралды құбыр бойымен тиісті жеріне межелі мерзімінде, ысырапсыз және қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етуде өзіне жүктелген маңызды міндетті мінсіз атқарып келеді. Басқалары сияқты, бұл кәсіпорын да еліміз егемендігін еншілеп, мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі отыз жылға жуық уақыт ішіндегі қайта құрылымдаумен байланысты өзгерістерді бастан кешірді. Біртіндеп өндіріске жаңа технологиялардың енгізіліп, автоматты басқару жүйесіне көшірілуіне орай, көптеген жұмыс орындары қысқартылдып, қол күшімен жасалатын жұмыс көлемі азайды. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, жартығасырлық жолды абыроймен өткерген ұжым осынау мерейлі белесін жоғары ұйымшылдықпен және еңбектегі толайым табыстарымен қарсылап отыр. Кеңсе ғимаратынан бастап барлық өндірістік учаскелер күрделі жөндеуден өткізілді. Өндірістің қуатын арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарлы соңғы үлгідегі құрылғы-қондырғылармен жабдықталып, жарақтандырылды. Атап айтқанда, 2014-2016 жылдары мұнай тасымалдау желілерін ішінара ауыстыру жұмыстары «Өзен – Атырау – Самара» магистралды мұнай құбырының 789- 870 шақырымы учаскесінде жобаға сай жүзеге асырылды. Осындай профилактикалық шаралар өз кезегінде «Индер» мұнай айдау стансасына қарасты өндірістік буындарды да қамтыды. Нақтылай кетсек, ұзындығы 1,3 шақырым мұнай құбыры бөлігі, 3 бірлік лас затты тұтқыш сүзгі, жалпы ұзындығы 474,4 метрді құрайтын магистралды сораптың кіріс-шығыс технологиялық құбыры, AUMA заманауи үлгідегі интеллектуалды жетекті қысымды реттеу тобы жобаға сәйкес жаңғыртылды. Басшылар мен іс тетігін білетін мамандар бірнеше мәрте алмасқанымен, ынтымағы жарасқан ұжым әуелден қалыптасқан береке-бірлігі мен тату тірлігінен танбады, қалыптасқан еңбек дәстүріне адалдығынан айнымады. Барлық көрсеткіштерден үздік шығып, озаттар сапынан көрінді.

Дәулетқали АРУЕВ

Шафхат ҚҰМАШЕВ, «Индер» мұнай айдау стансасының бастығы:

– Біздің станса «ҚазТрансОйл» АҚның құрамындағы Атырау мұнай құбыры басқармасына қарайтын, «Өзен-АтырауСамара» бағытына тартылған магистралды құбыр бойымен өтетін мұнайды қыздырыпайдауды жүзеге асырады. Тоқтала кетсем, құбыр бойындағы «қара алтын» Г9ПО2-В пешінің және НМ2500/230 сораптарының күшімен қыздырылып, айдалады. Жұмыстың ойдағыдай атқарылуына «SKADA» автоматтандырылған жүйесі септігін тигізуде.

Тұтастай алғанда, күткендегідей нәтижеге қол жеткізуіміз ұжымның әрбір мүшесінің жауапкершілігі мен өзіне сеніп тапсырылған жұмысты тиянақты орындауына байла – нысты екені даусыз. Осы орайда, МАС операторлары А.Раушанов, С.Әбуов, қыздыру пешінің операторлары Ж.Дәуітов, Т.Серікқали, Ә.Дәуітов, сорап қондырғыларының машинистері Қ.Мұқиев, Ж.Жұлхаров, ко а г ул я н т ш і л е р Б . Ж а н а е в а , А . Қ ұ с п а н ғ а л и е в , х и м и я л ы қ бактериологиялық талдау лаборанты С.Оспан, электрогазбен дәнекерлеуші С. Шарапов, желілік құбыр өткізушілері Ж.Қаукенов, Б.Мұқиев, технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарлары С.Жанаев, С.Құлжанов, Б.Мәмбетов, газ шаруашылығын жөндеу слесарлары Ж.Тілепбергенов, С.Қарабасов, С.Олжабаев, автокөлік жүргізушілері Ө.Қаражанов, О.Раушанов, ТҮАБЖ слесарлары И.Сағатов, Қ.Далабаев, эл е кт р ом о н т е рл е р Д . Жа к и е в , А.Ерғалиев, С.Жұмағалиев, МАС шеберлері Ә.Садық, Н.Кәукенов, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері Қ.Қаражанов сынды өз мамандықтарына шын беріліп, озық технологияларды кәсіби тұрғыдан меңгеріп, жоғары біліктілігімен және тәлімді тәжірибесімен ортақ іске айтулы үле стерін қо сып жүрген әріптестеріміздің есімдерін мақтанышпен атауға болар еді. Биыл «Өзен – Атырау – Самара» б а ғ ы т ы н д а ғ ы м а г и с т р а л д ы мұнай құбырының 7 учаскесінде жарамдылық мерзімінің өтуімен байланысты құбырларды ауыстыру жұмыстары басталды. Оның екеуі жаңа технологиямен жаңартылып, қазірдің өзінде қайт адан іске қ о с ы л д ы . Қ а л ғ а н д а р ы ке л е р жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінгі таңда өндірістік тапсырмалардың орындалуы мен көрсеткіштердің жоғары болуына тікелей әсерін тигізетін технологиялық қондырғыларға қосымша қызмет көрсету нысандары түгелімен автоматтандырылған. С ә й к е с і н ш е , м ұ н а й а й д а у с т а н с а с ы о п е р а т о р л а р ы н ы ң б а с қ а р у ы н д а ғ ы т е т і кт е р д е а втоматты жүйенің көмегімен іске қосылып отырады. Болашақта «Карманово» мұнай қыздыру стансасын жаңарту мақсатында техникалық-экономикалық негіздеме құжаттары жасақталуда. Бұл жобаны іске асыру да 2021 жылдың еншісінде. Жұмысшы-қызметкерлерді әлеуметтік қолдау ұдайы назарда ұсталады. Денсаулық жағдайларын жақсартуына көңіл бөлінеді. Жас мамандарды тағылымдамадан өткізіп, шеберлігін шыңдау, кәсіби біліктілігін көтеру, өндіріс озаттарын материалдық тұрғыдан ынталандырып, ұлығылау, лайықтыларын жоғары марапаттарға ұсыну – ұжымда қалыптасқан игі дәстүр, үзілмеген үрдіс. Бастысы, әрбір учаскеде еңбек тәртібі мен өндірістік қауіпсіздік қағидалары қатаң сақталып, арнаулы жұмыс киімдерімен, қорғаныш құралдарымен, сүтпен қамтамасыз етіліп отырады. Бүгінгі таңда мұнда жалпы саны 70-тен астам еңбек етуде. Мерейтой құтты болсын, өмірлеріңіз сәттілікке толсын, әріптестер! Осы күнге бізбен бірге жеткен алдымыздағы ардагер ағаапаларымыз арамызда есен-сау жүре берсін!

Сүлеймен СЕРІКҚАЛИЕВ, ардагер-мұнайқұбыршы:

– Жартығасырлық жарқын жолдан өткен, өзімнің екінші үйімдей б о л ы п к е т к е н о с ы ортаға мен енді ғана қалыптасып, аяғынан тұра бастаған кезінде келдім. Дәлірек айтсам, ол 1973 жылдың сәуір айы болатын. Бұған дейін әуелі Бақсай (қазіргі Махамбет) ауданындағы Сарайшық кәсіптік-техникалық училищесінде тракторшы, сонсоң жүргізуші мамандығын алып, Индер ауданындағы Амангелді атындағы кеңшарда, Атырау қаласындағы ірі автотранспорт кәсіпорындарында жұмыс істеп, әжептәуір тәжірибе жинақтасам да, бұл жерде бәрін жаңадан бастауыма тура келді. Өйткені, мұнай айдау стансасына жүктелген міндет те, оның атқаратын қызметі де басқаша, шынымды айтсам, тыңнан түрен салғандай көрінетін. Ең бір қиыны, сол жұмыстарды тиісті деңгейінде жасай алатын, арнаулы қондырғылар мен теникалық тілін жетік білетін мамандар тапшы еді. Сөйтіп, бір топ жұмыстастарыммен бірге Новокуйбышевск қаласына екі айлық курсқа аттандым. Сол жақтан магистралды сорап стансасының машинисі мамандығын меңгердім. Тағы бір топ қыздыру пешінің операторы мамандығына оқыды. Санаулы мерзімде мамандығымызға машықтанып, жұмыстың қырсырына қанығып та қалдық. Осында табан аудармастан отыз жылдың үстінде еңбек етіп, құрметті демалысқа шықтым. Негізінен екі цех (мұнай айдау және қыздыру) болатын да, қалғандары солардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылған нысандар болып есептелетін. Сондықтан, өндірістік учаскелердің бәрі бірімен бірі тығыз байланыста, технологиялық тізбек бойынша жалғасып тұратын. Осында жұмысқа қабылданғанымда бас инженер қызметін атқарып жүрген Елемес Садықов есімді азамат көп кешікпей станса бастығы болып тағайындалды. Соңынан Жұбан Үмітқалиев және басқа жігіттер басшылық жасап, ұжымды ортақ іске, бір мақсатқа жұмылдыра білді. Әр кезеңнің өзіне тән өзгерістері, кәсіпорынның өміріне енгізетін жаңалықтары болады. Соның бәрін де үлкенді-кішілі әріптестеріммен қатар, ынтымақ-бірліктің арқасында жатсынбай меңгеріп, бірімізден біріміз үйреніп, білгенімізді үйретіп, ұйымшыл ұжым болып қалыптастық. Отыз бір жыл үзілісіз жұмыс жасаған мезгілімде еңбегімнің нәтижесін көріп, жемісін теріп, бақытқа бөленген сәттерім де аз болмады. Тәлімгер атанып, еңбек жолымды лайықты жалғастырған шәкірттерді тәрбиеледім. Олардың қатарында Нұраш Далабаев, Бектенғали Жұмашев, Серік Әбуов, т.б. есімдерін атар едім. Адал еңбек адамды абыройға бөлеп, беделін биіктетеді емес пе? Бірнеше мәрте «Социалистік жарыстың жеңімпазы» атанып, кеудеме «Еңбек ардагері» меда лін т ақтым. Елімізде мұнай құбырларының пайдаланыла бастағанына 70, 75 және 80 жыл толуына орай шығарылған мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталдым. Өзге де иеленген мақтау-марапаттарым жетерлік. Солардың ішіндегі мен үшін аса қымбаты – бір үйдің баласындай бауыр басып кеткен ұжымдастарымның құрметі мен ілтипаты деп есептеймін. Ағайын-туыспен бірге қуанышышыма ортақтасып, қайғымды бөліскен де солар. Құдайға шүкір, бүгінде ұл-қыздарым өмірден өз орындарын тауып, бір-бір шаңырақтың иесі, тұтқасы болып отыр. Олардан өрбіген немере-жиендерім де аман-есен өсіпжетіліп келеді. Қазірде кенже ұлым Талғат осы мекемеде еңбек етіп, жолымды жалғастыруда. Елу жасын еңсерген, екінші үйімдей көретін төл ұжымымның бағындырар биіктері мен алар асулары азаймасын!

Бектенғали ЖҰМАШЕВ, ардагер-мұнайқұбыршы, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері:

– Осы мекемедегі еңбек өтілім 80-жылдардан басталады. Жеті-сегіз жыл су айдайтын сораптың машинисі болып жасадым. Кейіннен басқа да учаскелерде түрлі жұмыстарды атқардым. Ауысымдық әдіспен еңбек еткен кездерім де болды. Кәсіпорын басшылығының көмегімен баспаналы болып, басқалай да көмектерін көрдім. Бүгіндері құрылғанына жарты ғасыр толып отырған «Индер» мұнай айдау стансасында қырық жылға жуық еңбек етіп, зейнеткерлікке шықтым. Білмегенімді алдымдағы ағаларымнан үйренсем, соңымнан ерген інілеріме өзім тәлімгер болдым. Ұзақ жылғы еңбегім әділ бағаланып, «Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері» атағын иеленіп, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталдым. Әрине, мұны бір менің ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегіне берілген лайықты баға, көрсетілген құрмет деп санаймын. Осы саланың ардагері ретінде қазір де әріптестерім хабарласып, мерекелік басқосуларға шақырып, сый-сияпаттарын жасап отырады. Мерейтой құтты болсын, мұнай құбыршыларының даңқы артып, табыстары еселене берсін!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз