Атыраулық паратаеквондошы Нұрлан Домбаев – Әлем чемпионы

959055278bd82543cec856296a6bab8f Жаңалықтар

Атыраулық паратаеквондошы Нұрлан Домбаев екінші мәрте Әлем чемпионы атанды. 1-6 ақпан аралығында Түркияның Анталья қаласында паратаэквандодан Әлем чемпионаты өтіп, дүние жүзінің 98 елінен жиналған 1500-ге жуық спортшы  бас қосқан байрақты бәсекеде бағын сынаған саңлағымыз барлық қарсыластарына дес бермей жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді.

TaekvondoN rlan

75 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз бұған дейін 2017 жылы Ұлыбританияда өткен әлем біріншілігінде топ жарған болатын. Бұл жолғы жарыс жолында ол алдымен украиналық спортшыны тізе бүктірсе, ақтық сында жарыс қожайыны, түрік жігітінен басым болды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз