Атырауда жарнаманы қаламайтын үкіметтік емес ұйымдар бар

Атырауда көзбояушылықпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар көбейген Жаңалықтар

Қазір «қоғамдық бірлестік», «азаматтық қауымдастық», «еріктілер мектебі», «қайырымдылық қоры» дегендер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді қаптап кетті. Барлығы заң жүзінде «үкіметтік емес ұйым» деген ортақ атауға ие. Ал, олардың қоғамдағы рөлі қандай? Еліміздің өсіп-өркендеуіне қосып жатқан үлесі қанша?

Атырауда көзбояушылықпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар көбейген

Алдымен, «үкіметтік емес ұйым» деген ұғымның мәнін ашып алайықшы. Олардың мақсаты – әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жолға қоюға, оның қайтарымдылығын қамтамасыз етуге мемлекеттік құрылымдармен қатар атсалысу. Сондықтан, 2002 жылы Үкімет қаулысымен оларды қолдау тұжырымдамасы бекітіліп, 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Сөйтіп, 2003 жылғы 14-15 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен тұңғыш рет Азаматтық форум – аталмыш ұйымдардың республикалық съезі өтті. Ал, 2005 жылы ұйым өкілдерін Елбасының өзі қолдап, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заң қабылданды. Ол республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық негізін қамтамасыз етті.

Облыстық ішікі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағат Әжіғалиевтің айтуынша, бірталай жұмыс атқарса да, онысын өзгелер секілді бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалағанды жөн көрмейтін ұйымдар бар. Соның салдарынан олар көптің көлеңкесінде қалып, қаржылай қолдаудан қағылып та жатады. Әйтсе де, кейбірі өз қалтасынан қаражат жұмсап, қоғамның дамуына үлес қосып отыр. Ал, шындығында солай болуы да керек. Әйтпесе, мемлекеттен дайын ақшаны алып, кәдеге жаратуды бәрі де біледі.

– Менің ойымша, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғамдастықтар кәсіпкерлермен бірігіп жұмыс жасауға көшуі керек. Жергілікті атқарушы билік екі жаққа да көмек қолын созуға дайын. Оның үстіне, кейбір әлеуметтік жобалар мен бастамалар бизнес өкілдері үшін де қызықты болуы мүмкін ғой, – дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суретті түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз