17917166 396100767439079 5322100011007619968 o

Алимұхаммед Құттұмұратұлы Атырау қаласы әкімі лауазымын тоқтатты

Жаңалықтар

Atr.kz/14 қаңтар, 2020 жыл. Атырау әкімі өз еркімен қызметтік уәкілеттігін тоқтатты.


Бұл туралы қала әкімдігінде өткен жиын барысында белгілі болды деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиын барысында Атырау қаласы әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп өз еркімен қызметтік уәкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

img 20200114 wa0021

Қала әкімі:

– «Атырау өңірінде 2012 жылдан бастап әр түрлі лауазымда қызмет атқарып келдім. 2018 жылдың маусым айында Атырау қаласы әкімі лауазымына тағайындалған болатынмын.
Қаламыздағы барлық жұмыстарды біз бірігіп атқардық, өңірдегі барлық жобада сіздердің әрқайсыңыздың өз қолтаңбаларыңыз бар. Бірігіп жұмыс атқарған үшін сіздерге ризамын, қызметімізде біз әрқашан халықтың мүдделері мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын басшылыққа алдық» деді.

Өз кезегінде әріптестері де өз жылы лебіздерін айтып, сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Алимұхаммед Құттұмұратұлы Атырау қаласының әкімі лауызымын 2018 жылдың 28 маусым айынан бастап атқарып келген болатын.

Қала әкімі өз еркімен қызметін тоқтатуына байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін қала әкімінің орынбасары Бауыржанұлы Ринат Жанғылышов атқаратын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған