Жаңалықтар
Дүмпуге ұшыраған Дхалай
ҮНДІСТАН. Елдің сол-түстік-шығысында 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Бангладештің шекарасынан басталған.
Табиғат апаты елде жүздеген құрылысты қиратып, аймақта лай көшкіндерінің жүруіне себеп болған. Елдің Ұлттық сейсмология орталығы жер дүмпуінің эпицентрі Трипура штатындағы Дхалай аймағында 28 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.
Штаттағы жүздеген үйдің қабырғалары құлаған немесе бүлінген. Жер дүмпуі кезінде адамдар үйлері мен жұмыс орындарынан далаға қашып шыққан. Бірнеше аймақта лай көшкіні жүрген.
Өз тілшіміз.