Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

2021 02 18 074020974600 Жаңалықтар

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне қосымша енгізетін үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Соның негізінде Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі төмендегідей тармақпен толықтыру ұсынылды.

«Мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкімет қаулысы төмендегідей мазмұнда толықтырылсын: «15 сәуір – мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні», – делінген ақпаратта.

Аталған құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау үдерісі 2021 жылдың 25 наурызына дейін жалғасатын болады.

«Sputnik Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз