
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицинаҚоғам
Covid-19 жұқтырған науқастың еміне медициналық сақтандыру қорынан қаражат төлене ме?
Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық сақтандыру бойынша кімдер емделетінін айтты.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Covid-19 жұқтырған науқастың еміне медициналық сақтандыру қоры төлейтін үш тариф туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
— Қазіргі уақытта міндетті медициналық сақтандыру қоры инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарда емделу үшін үш тариф белгіледі. Аймақтағы медициналық мекемелер МӘМС қорына мәліметтер ұсынады, сол бойынша стационарлардағы емге кететін шығындар өтеледі, — деп түсіндірді Нұрлыбек Қабдықапаров.
«Atr-Ақпарат»