Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал!»

Осындай атаумен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының қолдауымен жалпы республикалық акциясының қазан айындағы қорытындысы бойынша облысымыздағы ұтыс иелерін марапаттау шарасы ұйымдастырылды.

%d1%87%d0%b5%d0%ba%d1%82%d1%96-%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bf-%d0%b5%d1%82%d1%96%d0%bf-%d0%b6%d2%af%d0%bb%d0%b4%d0%b5-%d2%b1%d1%82%d1%8b%d0%bf-%d0%b0%d0%bb

Үстіміздегі  жылдың 1 қазанында бастау алған шараның мақсаты – азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Акция «Атамекен» ҰКП қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Уайпон» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Отандық мамандар дайындаған қосымшаны тегін көшіріп алып, смартфон ұялы байланыс желісінің барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

— Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген еліміздің азаматтары ғана қатысады. Ай сайын  акция айлық нәтиже  бойынша жеңімпазды анықтап, сыйлықтар табыстайтын боламыз, — дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мәди Тәкиев.

Акция ағымдағы жылдың 15-ші желтоқсанына дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін  барлық аймақта  ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау рәсімі өтеді. Басты финал желтоқсанда Астана қаласындағы  жоғарыда аталған комитетте  болады. Онда бағалы жүлделермен қатар, автокөлік ұтысқа салынады.

Акция шарты төмендегіше жүзеге асады. Арнайы компьютерлік бағдарламаға келіп түскен нөмірлерді айналдырады. Бұдан кейін кездейсоқ таңдау әдісімен бірегей нөмір анықталады. Чек суретін жіберген жеңімпаздың нөміріне комиссия мүшелері қоңырау шалып, жеңісімен құттықтайды. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. Қайталанып жіберілген чектер ұтысқа қатыспайды.

Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін құрамына кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссия құрылады. Республика аумағындағы қатысушылардың саны 8357 адам, барлығы 226 406 чек жіберілген. Соның ішінде біздің өңірімізден 463 қатысушы 7956 чек жолдаған. Осылардың арасынан жүлдегерлер анықталып, лайықты сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен, қазан айының қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлығын Құрманғазы ауданынан Нұргүл Мұратова иеленді. Сондай-ақ, ІІІ орын Атырау қаласының тұрғыны Наурызбай Қабиға бұйырса, ІІ орынды Зергүл Орынбасар иеленді. Ал, бірінші орынды жылыойлық Жәудір Қамысбаева қанжығасына байлады.

— Ең алғаш осы сайыс туралы «Атырау» газеті арқылы таныстым. Осы ақпаратта аталып өткендей, «Уайпон» ұялы телефон қосымшасын жүктедім. Осыған дейін барлығы 392 чек жинадым. Жалпы, науқанға бағалы сыйлық алу үшін ғана қатысқаным жоқ. Өз басым кез-келген сауда орнынан тауар алғанда чекті талап етемін. Биыл  әрбір чекті тиісті жерге жіберіп, акцияға белсенді қатысуға тырысамын. Осылайша ел экономикасының дамуына үлес қосқым келеді, — дейді Наурызбай Қаби.

Нұрислам МӘУЛЕНҰЛЫ.

Related Articles

One Comment

  1. саламатсыздар ма? Чекті талап етіп,жүлде ұтып ал» акциясына қатысу үшін тамақ алған чектерді де жіберуге бола ма?
    Машинаны заправка жасаған чектерді де жіберуге бола ма? Рахмет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button