Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық ананың алғысы

Атыраулық тұрғын, жалғызбасты ана Зоя Алтынбетованың Әбдірахманов көшесі, 64 мекен-жайында орналасқан үйінің ауласы жауын суынан тазартылды.

Арнайы техника – вакуум көлігі бір күнде бес рейс жасап, шалшық суды сорып бітірді.

Тұрғын қиын-қыстау кезеңде күні-түні тыным таппай жұмыс істеген сала қызметкерлеріне алғысын білдірді.

–»109″ бірыңғай байланыс нөміріне хабарласып, өтінім қалдырғаннан кейін көп ұзамай Атырау қалалық әкімдігінің өкілдері вакуум көліктерін жіберіп, қызметкерлер де дер кезінде осы жерден табылды. Мұнда су сору жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жалғасты. Еш дамыл таппай қол ұшын созған жандарға алғысым шексіз. Аман жүріңіздер, — деді З.Алтынбетова.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button