Жарнама
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» өтеді

«БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалы 13 наурыз күні онлайн-форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Мұнда «БЖЗҚ» АҚ-дан қандай төлемдер алуға және болашақ зейнетақыны қалай есептеуге болатыны жөнінде мағлұматтар беріледі.

БЖЗҚ мамандары зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы баяндап береді. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын «кірісті алмастыру коэффициенті» ұғымына ерекше назар аударылатын болады.

Қор қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап береді. Ашық есік күнінің негізгі тақырыбын насихаттай отырып, мамандар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақыл-кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» іс-шарасы 2025 жылдың 13 наурызынында онлайн-форматта және 3 сессияда сағат: 10:00, 11:30, 15:00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін:  

1 сессия — сағат 10:00

https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=ma47c7beea350bf7458ad2bf7fe39eb85 сілтеме бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2517 840 7828 және event-кеңестің құпиясөзін  123456 еңгізіңіз.

 2 сессия- сағат 11:30

https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=me9bd09fb2af5d7bff80b6e8f18adcd45. сілтеме бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 506 3098 және event-кеңестің құпиясөзін  123456 еңгізіңіз.

3 сессия- сағат 15:00 

https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m38fe4956b322e53f12827b77090174f5. сілтеме бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2516 859 7660 және event-кеңестің құпиясөзін  123456 еңгізіңіз.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button