Былтыр Атырау облыстық ауруханасында 7 мыңға жуық ота жасалды
Оталардың ішінде 5732 шұғыл түрде, 1110 жоспарлы түрде жасалған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстық аурухананың басшысы Ербол Иманғалиевтің айтуынша, өткен жылдың қорытындысы 6842 отаның ішінде, хирургияның 1-бөлімшесі арқылы — 1455, 2-бөлімшесі арқылы — 738, нейрохирургиямен — 479, гинекологиямен — 1650, травматологиямен — 603, урологиямен — 520, оторинооларингологиямен — 729, бет жақ хирургиясымен — 479 ота жасалған. Ал 2022 жылы барлығы 5858 ота жасалынып, оның 4823-і шұғыл, 1035-і жоспарлы түрде жүргізілген.
— Былтыр жасалған оталардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 984 отаға артқан. Оған мамандардың біліктіліктерін арттыруы, бұрын соңды облыста жасалмаған оталардың жасалуы себеп болып отыр,- деді Е.Иманғалиев.
Сондай-ақ оның айтуынша, медицина саласы жылдан-жылға даму үстінде. Сол себептен дәрігерлердің білімін жетілдіріп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің қатарында.
— 2023 жылы Атырау облыстық ауруханасының 19 дәрігері мен 45 мейірбекесі, яғни гастроентолог, ревматолг, уролог, эндокринолог, аллерголог және хирург дәрігерлері біліктіліктерін арттырып, семинар, шеберлік сыныптарына, конгрессетрге қатысып қайтты. Тағы бір маман шетелде Қырғызстан мемлекеті, Бішкек қаласында біліктілігін арттырып келді, — деді облыстық аурухананың басшысы.
Сондай-ақ, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығымен жасалған мемарандум аясында облыс мамандарына 19 мәрте шеберлік сағаты өткізілген.