Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Бұрымдылардың конкурсына қатысушы Альфинур Мұхарова

Atr.kz/ 12 сәуір, 2019 жыл. «Шаштың саулығы оның күтіміне байланысты» дейді Құрманғазы ауданының тұрғыны Альфинур Мұхарова.

Мен 2002 жылы 26 маусымда Атырау қаласында дүние есігін аштым. Қазіргі таңда Құрманғазы ауданында, Әнұранымыздың авторы Жұмекен ауылында тұрамын. Еңбекші жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысымын.

Әжем «қарын шашымды» қырқымнан шыққанда алдырған екен. Содан кейін қимадым. Ал, «қарын шашты» киелі деп, «бойтұмар» етіп тігіп сақтап қойған. Жанұяның біреуі алыс жолға шықса, маңызды бір жұмыс бастауға кеткенде, жандарына бойтұмарды салып не болмаса қолтығына тігіп беріп, аман-есен оралуына тілек етеді. «Қыз тілекші» — деп  халык бекер айтпаған. Мен әжемнің бауырында өстім. Ол кісінің шашы ұзын болатын, төбесіне әдемілеп түйіп қоятын. Сол шашқа қызығып менің де шашым осындай ұзын болып өссе екен деп армандайтынмын. «Шаш – тәңірдің сыйы» сондықтан шашты өзің өріп үйрен, сонда шашың  тез өседі дейтін аналарым. Ұзын болып өскен шашымды күтіп,  бұрым етіп өріп қоямын. Қазіргі ұзындығы – 1 метр.

Шаштың саулығы оның күтіміне байланысты. Бас терісі, яғни құйқа шашқа қорек беретін ағза болғандықтан, алдымен құйқаны қоректендіру керек. Ол үшін мен жылқы майын ерітіп, құтыға құйып қоямын. Айына екі мәрте осы маймен құйқамды ысқылап, қоректендіремін. Сол кезде шаш жылтырап әрленеді. Май сіңіп болғаннан кейін 1-2 сағаттан соң айранның көк суымен шаямын. Терінің құрғап қайызғақтанбауы ушін қажет. Жусан шөбінің тұндырмасымен де шаямын. Ол шаштың өсуі мен тазалығына оң әсер етеді. Көктемдегі алғашқы нөсер жаңбыр суында нәр бар. Соны ыдысқа жинап алып шашты жуу арқылы ағзаны тазартуға болады екен. Сонымен қатар, хош иісті болуы үшін  табиғи шөптерден жасалған сусабындарды пайдаланамын.

Қазақ қызы десе бет-жүзінде имандылығы бар, үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген, бұрымы иығына төгілген, басқан ізі білінбейтін нәзік жан елестейді. Шолпының сыңғыры құлағымызға келеді. Осы қазақ қызының бейнесін жоғалтпай, ұлттық құндылығымызды сақтайық. Бұрымды қазақ қыздарының көп болуын қалаймын!

Related Articles

24 Comments

  1. Атына корки сай ауылдасым! » Шаш танирдин сыйы» дегенди есиннен шыгармай шашынды куткенин ак маманнан аркасы. Ак мамасынын кызы жарайсын! Нагыз казактын сулу кызыгын!

  2. Өте керемет!!! Дауысымды Альфинурға бердім.

  3. Керемет тек алға қазақтын сұлу қызы Альфинурга сәттілік

  4. Альфинур! Керемет! Жеңіске жететініңе сенімдімін! Тек қана алға

  5. Саттілік тілеймін Аженнің жолын берсін.

  6. Жарайсын! Очень круто! Мен дауысымды бердим!

  7. У жаным сұлу сіңлім.Тек АЛҒА!

  8. Тек Алга! Саттилик! Дауысымды бердим.

  9. сәттілік тілеймін сен женетініңе сенемін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button