Көру бақытынан айрылған Талғат Жанғалиев қайырымды жандардан көмек сұрайды (+ВИДЕО)

20190620 173046 Жаңалықтар

Atr.kz/20 маусым, 2019 жыл. Атырау қаласының тұрғыны Жаңылсын Бисенова кез-келген көмекке зәру жан. Себебі, ол отбасында туабітті мүгедекке айналған екі бірдей адамды бағып-қағып отыр.

Көз жанары семген жолдасы мен ұлын таңнан кешке дейін қарайлап отырған Жаңылсын Бисенова қазіргі уақытта жұбайы Талғат  Жанғалиевты емдетуге қаржы жинап жатыр.

«Сананы тұрмыс билеген заман ғой. Бүгінде үйімізге кіретін табыс көзі жолдасым мен баламның жәрдемақысы ғана. Өзім жұмыс жасайын десем, көру қабілетінен айрылған үйдегі екі адамға қарайласатын ешкім жоқ. Адам болған соң, үміт өлмейді ғой. Жұбайым Талғат  Жанғалиевқа Ресейден ем табылатын ыңғай бар. Осы мүмкіндікті пайдалансам деймін. Жолдасымның еміне көмектесетін жандардан үміт күтемін» дейді Атырау қаласының тұрғыны Жаңылсын Бисенова.

Күлімдеген күнді, жымыңдаған жұлдыз бен толықсыған айды көру бақытынан айрылған Талғат  Жанғалиевтың бар үміті енді қайырымды жандарда…

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

https://www.youtube.com/watch?v=C9PjiHuXdR4&feature=youtu.be

Байланыс телефоны: 8702 423 88 64

Каспий голд: 5169 4971 8830 6835

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз