БҮГІН ҮШ БІРДЕЙ БАСШЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЕСЕП БЕРЕДІ

IMG 20190304 WA0032 Жаңалықтар

   Atr.kz/4-наурыз, 2019 жыл. Жер қатынастары бойынша мәселелер бүгін, яғни, 4-ші наурыз күні жергілікті сағат 17:00 де талқыланады.

 Атырау облысы жер қатынастары басқармасы басшысы Ермекқали Әлібек Серікқалиұлы және Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі басшысы Құмаров Наурызбек Ғабиденұлы және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысы Құрманова Гүлзия Өтемұратқызы тікелей эфир арқылы есеп береді.

IMG 20190304 WA0032

            Саланың ағымдағы жылға қойған даму жоспары қандай? Тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелері қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алғыңыз келсе және өзіңіздің қояр сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болатын болса, тікелей эфирге қосылып жолдауларыңызға болады.

Еске сала кетелік, 2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары Атырау облысы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде есеп беруді бастап кеткен болатын.

Facebook : https://www.facebook.com/AkimatAtyrau 

Instagram : @akimat_atyrau

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз