
Жаңалықтар
Бүгін «Правда» газетіне — 112 жыл
Құрметті ардагер қаламгерлер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
«Правда» газеті осыдан 112 жыл бұрын — дәл осы күні жарық көрген. Журналистика саласы, әсіресе газет журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосқан бұл газеттің «туған күніне» орай 5 мамыр — Баспасөз күні деп аталып өтілетін.
Әрине, бұл — тарих. Бірақ осы саланың «отымен кіріп, күлімен шыққан» жасы үлкен аға-апалардың, барша аға буынның өткенін сүртіп тастаудың да жөні жоқ.
Тәуелсіз Қазақ еліндегі журналистердің кәсіби мерекесіне дейін аман болайық, әріптестер!