«Атырау-Махамбет-Сарытоғай» автобусы шықты

avtobuss Жаңалықтар

Биыл 18 шілдеден бастап «Атырау-Махамбет-Сарытоғай» бағытында қатынайтын жаңа да жайлы 33 орындық «YUTONG» маркалы автобусы жолаушыларды тасымалдайтын болды.

Осындай жағымды жаңалығымен бөліскен Махамбет ауылдық округінің әкімі Нұрлан Сапаровтың айтуынша, қала мен ауылдың арасына қатынайтын қоғамдық көлік  24 орындық «HYUNDAI» автобусы бұған дейін де болған. Алайда, жайлы көлікпен жүргісі келетін жолаушылар саны көбейгендіктен, бұрынғысынан гөрі орындығы көп және жайлырақ автобусқа деген қажеттілік туындапты. Тұрғындардың тілегіне құлақ асқан аудан әкімдігі және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қолдауымен қала мен ауылдың арасына қатынайтын заманауи үлгідегі көлікпен жолға шығуына жағдай жасап отыр. Жыл мезгіліне қарай салқындату және жылыту жүйесімен жабдықталған, жолаушылардың жолда өздерін жайлы сезінуіне ыңғайлы орындықтармен жарақтандырылған.

– «Қосыбаева» жеке кәсіпкерлігіне сенімді басқаруға берілген жаңа автобустар қала мен ауылдың ортасына күніне төрт мезгіл қатынайды. Нақтылай кетсек, таңертеңгі сағат 07.30-да Махамбет ауылынан шыққан автобус күндізгі 11.00 сағатта қаладан кері қайтады. Түсқайта сағат 14.00-де ауылдан қозғалып, кешкі 17.30-да кері жүреді. Жолақысы бір адамға – 500 теңге. Қазіргідей қымбатшылық жағдайында қолжетімді баға екені белгілі, – дейді ауыл әкімі.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз