Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың дүниеге келген күні

Қазақтың біртуар тұлғасы, көсемі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына бүгін 112 жыл толып отыр.

Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордендері мен медальдерінің иегері. Ол отыз жылдан астам уақыт ел басқарды.

Д. А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады. Ол дипломын Қоңырат карьерінің қуаттылығын 90 мың тонна қара мыс беруге жеткізу жөнінде жазып, оны үздік бағамен қорғап шығады.

Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды. Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д.Қонаевтың өзі тұрған үй, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды.

Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында «Ерекше еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол өндіріс жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастырушылардың қатарында ғана қалған жоқ, 1942-52 жылдары Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің орынбасары болды.

Одан кейін 3 жыл Ғылым Академиясының Президенті болып қызмет атқарды. Республика Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып екі кезең-1955-60 жылдары және 1962-64 жылдары жұмыс істеді.

Одан кейін Д.Қонаев республикалық партия ұйымын 1986 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін ширек ғасырға жуық уақыт басқарды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туған жері Алматыда тұрған. 1993 жылы 22 тамызда қайтыс болып, Кеңсай зиратына жерленді.

Айта кетейік, елімізде екі жыл бұрын Қонаев қаласы бой көтерді. 2022 жылғы 3 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қапшағай қаласы ресми түрде Қонаев болып өзгертілді.

Еgemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button