e98a5486 scaled

Батыстық әскери аспаздар «Дала асханасы» халықаралық бәйгесіне қатысады (+ ВИДЕО)

ATR.TV Айбын Жаңалықтар
15 / 100

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының азық-түлік қызметтерінің үздік мамандары халықаралық армия ойындары аясында өтетін «Дала асханасы» жарысына дайындалуда» деп хабарлайды Atr.kz

 «Мамандық бойынша оқу кезеңінде біз азық-түлік қызметтерінің үздік әскери қызметкерлерін таңдадық. Қазір Атырауда олардың біліктілігін арттыру мақсатында қосымша сабақтар өткізілуде», – дейді Батыс өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының Басқармасы азық-түлік қызметінің бастығы подполковник Владимир Томкин.

Команда екі наубайшы мен екі аспазшыдан тұрады. Байқау үш кезеңге бөлінген. Атыс дайындығы кезеңінде әскери қызметшілер АК-74-тен атудың дәлдігімен жарысады. Сайыскерлер 100 метр қашықтықтан үш оқтан максималды көрсеткішіке қол жеткізуі керек.

Нан-тоқаш өнімдерін ерікті рецепт бойынша пісіру және әзірлеу кезеңінде жарысты ұйымдастырушылар ұсынған өнімдер жиынтығынан ас дайындау қажет. Аспаздар салқын тағамдар, сорпа, гарнирмен ет немесе балық өнімін, сондай-ақ сусындар дайындайды.

Үшінші кезеңде жоғарыда айтылғандардың барлығы бекітілген мәзір мен рецептке сәйкес дайындалады.

«Мәзірде винегрет қосылған майшабақ, жазғы салат, борщ, солянка, күріш ботқасы қосылған қуырылған балық, ірімшікке пісірілген картоп қосылған лангет, мүкжидек шырыны, кептірілген жемістерден жасалған компот бар» делінген ҚР Қорғаныс министрлігі Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

e98a5552

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған