Британдық Кеңес пен «Шевроннан» – 9 мың доллар!

3 Жаңалықтар

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Британдық Кеңес пен «Шеврон» корпорациясынан үш әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін  9000 АҚШ доллары табысталады.

Атырау, 2020 жылдың 30 шілдесі – онлайн форматта Британдық Кеңес, «Шеврон» корпорациясы мен Атырау облысы әкімдігінің бірлескен StartUP Battle әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобасының жеңімпаздары анықталды. Қатысушылар бұл күні әділ қазылар алқасы алдында Атырау қаласы үшін әлеуметтік маңызы бар идеяларымен бөлісіп, өз жобаларын қорғады.

Жобаға қатысуға жалпы саны 109 өтінім түсті, оның ішінде бірінші жартылай финалға 25 жоба өтсе, ақтық финалға 10 қатысушы жолдама алды.

Үш апта бойы тәжірибелі бизнес-тәлімгерлер өздерінің білімдерімен бөлісіп, StartUP Battle қатысушыларына әлеуметтік маңызды идеялар мен тәжірібиелерін сәтті ұсынуға көмектесті. Жартылай финалистер сонымен қатар ұсыну, IT және питчинг бойынша тренингтерден өтті. Жеңіске жеткен жастарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 30 шілде күні тікелей эфир арқылы YouTube және Facebook платформаларында ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша әр жобаға 3000 АҚШ доллары көлемінде грант табысталды.

  1. Айзада Жайықова, «Molekula» арт-терапия орталығы (Атырау қаласында 13-18 жас аралығындағы ерекше жасөспірімдерді дамыту және қолдау көрсету)
  2. Утебалиева Гульден, Батыр (ерекше жандарға арналған спорт клубы)
  3. Исмакова Айгерим, Толешова Айгуль, Ыбырайханқызы Әсел, NIET (Атырау қаласында қайта пайдаланылатын өнім үлесін арттыруға бағытталған)

          Сонымен қатар, байқау ережесіне сәйкес төртінші жеңімпазды көрермендер онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Британдық Кеңестің ресми сайтына өтіп, дауыс беруіңізге болады. Дауыс беру 2020 жылдың 3 қыркүйегіне дейін жалғасады.

           «Мен I-SEED жобасына біздің жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біз алаңдағанымыз соншалық, жобаға қатысты барлық мәселелерді ұсақ-түйегіне дейін: қалай дұрыс сөйлеу керек, ым-ишараны орынды қолдану, тәлімгердің баға жетпес нұсқауларын қолдануға тырыстық. 3,5 апта ішінде алған тәжірибеміз он жылға жетеді, ал игерген сабағымыз – кем дегенде бес жылға жетеді» деп, I-SEED StartUP Battle жеңімпазы, NIET жобасының мүшесі – Исмакова Айгерим іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Байқау «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында жыл сайын ұйымдастырылады.

Ақпараттық қолдау үшін алдын ала алғыс айтамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Зарина Буенбаева

Ұялы телефон / WhatsApp / Telegram: +7 702 941 00 56

Электрондық пошта:: zarina.buyenbayeva@naizamedia.kz

Веб-сайт: www.britishcouncil.kz

Facebook @BritishCouncilKazakhstan

Қосымша ақпарат

«Шеврон» корпорациясы – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі болып табылады. Біз шикі мұнай мен табиғи газды  геологиялық барлау, өндіру және тасымалдауды жүзеге асырамыз; көліктік жанар-жағармай материалдарын өңдеу, өткізу және тарату; мұнай-химия өнімдері мен қоспаларын өндіру және сату; Біз ,сонымен қатар, технологияларды дамытып, қолданамыз. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы және елдің ең ірі екі кен орындары – Теңіз және Қарашығанақ-тың маңызды үлесіне ие. Корпорация, сонымен қатар, Каспий Құбыр Желісі Консорциумының ірі жеке акционері және де Атыраудағы полиэтилен құбырлары зауытына иелік етеді.

British Council (Британдық Кеңес) – Ұлыбританияда орналасқан халықаралық ұйым, ол мәдени байланыстар және білім беру мүмкіндіктері саласында жұмыс атқарады. Біз Біріккен Корольдік пен басқа елдер арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті арттыру үшін достық атмосфераны құруға қолайлы жағдай жасаймыз. Біз Біріккен Корольдіктің және басқа елдердің дамуына оң үлес қосуға және адамдардың өмірін жақсартуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, тұрақты байланыс құруға және сенімді қарым-қатынастарды дамытуға белсенді ат салысамыз.

Британдық Кеңес әлемнің 100-ден астам елінде өнер және мәдениет, ағылшын тілі, білім беру және азаматтық қоғамды дамыту саласында жұмыс істейміз. Біз жыл сайын өз іс-шараларымыз арқылы 20 миллионнан астам адамды, сонымен қатар, интернет-арналары мен БАҚ арқылы 500 миллионнан астам адамды қамтыймыз. Біз – 1934 жылы Корольдік жарғыға сәйкес құрылған Ұлыбританияның қайырымдылық ұйымы, сонымен қатар, Біріккен Корольдіктегі үкіметтік орган болып табыламыз. Біздің кірістеріміздің маңызды бөлігі ағылшын тілін оқыту мен емтихандарды өткізуден, бірқатар жобалар мен келісімшарттардан түседі, бұлар білім беру және даму саласындағы жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік серіктестіктер арқылы жүзеге асырылатын келісімшарттарты қамтиды. Біздің қаржыландыруымыздың он сегіз пайызы Ұлыбритания үкіметінің негізгі қаражатынан бөлінеді.

I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру – бұл Британдық Кеңес пен «Шеврон» корпорациясының өзара бірлескен жобасы. Ол 2013 жылдан бастап жыл сайын Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүзеге асырылып келді. 2017 жылдан бастап I-SEED жобасы Атырауда жастарға инновациялық және интерактивті білім беру бағдарламасын ұсынатын «Шевронның» «Атырау жастарын дамыту бастамасы» аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоба Атырау облысының әкімдігімен серіктестікте жүзеге асырылуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз