Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

«Үздік салық төлеуші» анықталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушысы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаевтың айтуынша, күні бүгінге дейін өңірлік құрылым арқылы республикалық бюджетке 1 716,6 млрд.теңге, жергілікті қазынаға 605,5 млрд.теңге, Ұлттық қорға 2495,9 млрд.теңге түскен. Біздің өңір еліміздің доноры болып саналатындықтан, мұнай секторынан бюджетке 1 411,9 млрд. теңге, Ұлттық қорға 2 495,9 млрд.теңге аударылған.

aab22507 0b42 493a 85e5 1c23961bc040


Ал, мұндай байқау серіктестік қатынастарды нығайтуға, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына ашықтығы мен сенімін арттыруға бағытталып отыр. Сондай-ақ, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ерікті және уақытылы төлеу үшін кәсіпкерлік қызмет субъектілерін моральдық ынталандыруға арналған. «Мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті — мемлекеттік қазынаны толықтыру.

45804413 53d5 4ef7 8a49 d617922b51aa

Бюджеттердің толықтығы, ең алдымен, салық төлеушілердің – ірі және шағын кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің, жеке тұлғалардың  салықтарды уақытылы төлеуіне байланысты»,-деп атап өтті департамент басшысының орынбасары Бекен Шанаев салтанатты марапаттау рәсімінде.

Сонымен, байқау жеңімпаздары болып «Ембімұнайгаз» АҚ, «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор» компаниясының Атырау қаласындағы филиалы, «TENGIZ UNIVERSAL SUPPORT» ЖШС, «ТексолТранс» ЖШС, «Новус Силинг Каспиан» ЖШС, «Сталкер», «ОРАЗ Н.Қ» жеке кәсіпкерліктері танылды. Оларға дипломдар және естелік кәдесыйлар табыс етілді.

img 3249

–Біз үздік салық төлеушілерлің қатарынан табылғанымызға қуаныштымыз. Дер кезінде төленген салық кәсіпорынға ғана емес, бүкіл халқымыздың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін жақсы білеміз. Басты мақсатымыз-қаржылық тәртіпті сақтау. Бизнес жүргізудің ашықтығының да маңызы зор. Біздің ортақ мақсатымыз – еліміздің ахуалы. Сондықтан, бәріміз адалдыққа ұмтылуымыз керек. Біздің кәсіпорын 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнай-газ қондырғыларына тығыз төсемдер шығарамыз. Негзгі тапсырыс берушілеріміз – «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Оперейтинг», «НКОК» ЖШС-лері. Сертификаттарымыз стандарттарға сай»,-дейді «Новус Силинг Каспиан» ЖШС бас есепшісі Тюльпан Аманғалиева.

Айбөпе САБЫРОВА, Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button