Тайпейде балуандар белдесті

dzyudo Жаңалықтар

Atr.kz/2 тамыз, 2019 жыл. Тайпей елінде 29-30 шілде күндері жастар арасында дзюдодан Азия біріншілігі өтті. Алғашқы күні бақ сынаған спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді. 

Атап айтқанда, Ақжол Қайыпхан 52 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ол іріктеу кезеңдерінде Түркімен және Оңтүстік Корея спортшыларын ұтты. Тек ақтық сында ғана жарыс қожайынына есе жіберіп алды.

Ал, ұлдар арасында 66 келі салмақта Ермек Амангелді қола медаль еншіледі. Алғашқы жекпе-жекте қырғыз балуанын жеңген ол келесі кезеңде Түркімен спортшысынан ұтылып қалды. Сөйтіп, жұбаныш белдесуде Оңтүстік Корея балуанынан басым түсіп, қола үшін күресте Моңғол спортшысын жеңді.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз