Атырауда соғыс ардагері Қабдыраш Биғамбаевты еске алуға арналған турнир өтті (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

59750343 2417638721789838 1166171787952652288 n Жаңалықтар

Аtr.kz/13 мамыр, 2019 жыл. Атырау қаласындағы «Нұрсая» спорт кешенінде Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер министрлігінің ардагері Қабдыраш Биғамбаевты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Осыменен оныншы рет өткізіліп тұрған бұл жарысқа биылғы жылы Атырау қаласы және аудандарынан жиналған спортшылардан бөлек Калмыкия, Дағыстан, Шешен Республикалары және Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан, барлығы  300-ден астам жас балуандар қатысты.

Сайыстың ашылу салтанатында спортшылар алдында  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, ішкі істер саласының ардагері Есет Өтесінов, спорт ардагері Мәлік Биғамбаевтар сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде Нұрберген Амандықұлы (23 кг, Индер), Нұрмұханбет Жәнібекұлы (26 кг, Атырау-1), Мұхаммад  Демешов (29 кг, Дағыстан), Мейрамхан Сайын (32 кг, Түркістан), Бекнұр Қойшыбай (35 кг, Индер), Ержан Серік (38 кг, Тасқала), Әл-Фараби Аманғали (41 кг, Құлсары), Саид Бараханов (44 кг, Шешенстан), Азамат Жарасов (48 кг, Ақтөбе), Еркебұлан  Шагиров  (52 кг, Тасқала), Жалғас Сансызбай (57 кг, Индер), Тұрар Төлегендер  (57+ кг, Атырау-1) өз салмақтарында жеңімпаз атанды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Суреттер “Фейсбуктегі” “Atyrau Sport” парақшасынан алынды

59871561 2417639178456459 7929628725094645760 n
59872690 2417639101789800 461999766490841088 n
59766152 2417639041789806 4646296664489852928 n
59606506 2417638985123145 7415838731120148480 n
59981400 2417638888456488 3661046121863577600 n
59779358 2417638771789833 7925891416352358400 n
59771162 2417638658456511 1573964750725840896 n
60278139 2417638591789851 264682045425319936 n
59746930 2417638551789855 9013042428898181120 n
59651961 2417638481789862 7585824899516596224 n
60090523 2417638378456539 3096460554701635584 n
59706296 2417638335123210 8666794736863936512 n
60031147 2417638271789883 8573487517251141632 n
59547403 2417638188456558 3512353486492663808 n
59677940 2417638118456565 3731899664769744896 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз