Бөпе бум: Атырау облысында пандемия басталғалы бері 12 мыңға жуық нәресте өмірге келген
Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 538-ге жоғары.
«2020 жылдың 1 наурызынан бастап, облыста 11 794 босану дерегі тіркелді. Бұл тәулік бойынша орташа есеппен 25 ана босанды деген сөз» деп хабарлайды atr.kz Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған әйелдердің, шамамен 8 пайызы кесір тілігі арқылы босанған.
Пандемия басталғалы бері облыста 380 жүкті әйел, 90 босанған анадан коронавирус инфекциясы анықталған. Пневмония жұқпасы 117 жүкті әйелден, 31 босанған анадан тіркеліп отыр.
Еске сала кетелік, коронавирус пандемиясы өршіген тұста облыстық перинаталдық орталық жанынан 30 кереуеттік, Атырау қалалық перзентхана жанынан 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталды. КВИ анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды .
Баян ЖАНҰЗАҚОВА