Жарнама
Жаңалықтар

Болашақ логистика мамандары оқу грантына ие болды

Бүгін UTEBAYEV UNIVERSITY-де «Trans Caspian Cargo» компаниясының Тұрақты логистика туралы инновациялық тренингі өтті. Мұндай семинар Атырау облысында кең көлемде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

d38663bb 06ba 4b95 a61e 6131c37b243e

Іс-шара барысында «Trans Caspian Cargo» компаниясы мен UTEBAYEV UNIVERSITY ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім логистика саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру саласын дамытуға бағытталады. Меморандумның мақсаты — ғылыми-оқу және экономикалық әріптестікті нығайту.

Екіжақты келісім студенттерге тәжірибеден өтуге, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және жұмысқа орналасуға септігін тигізбек. Сонымен қатар, инновациялық бизнес-идеяларды дамыту, оқыту бағдарламаларын жетілдіру және дуалды білім беру жүйесін енгізу де жоспарда бар.

«Trans Caspian Cargo» компаниясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан тренинг аясында UTEBAYEV UNIVERSITY «Қозғалысты ұйымдастыру, көлікті басқару және логистика» мамандығының үздік студенттері компания атынан 1 000 000 теңге көлемінде оқу грантына ие болды. Сондай-ақ компания университеттің профессор-оқытушыларына логистика саласы бойынша кәсіби біліктіліктерін шыңдауға қолдау көрсетеді.

Бұл бастама жас мамандарды қолдауға және логистика саласында көшбасшыларды даярлауға бағытталып отыр. UTEBAYEV UNIVERSITY Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова, логистика саласының еліміздің экономикалық дамуындағы рөлі аса маңызды, және осындай іс-шаралар болашақ мамандардың кәсіби шыңдалуына үлкен үлес қосатынын айтты.

Іс-шараға қатысушылар университеттің білім беру сапасы мен логистика саласындағы мамандар даярлаудағы болашағына сенім білдірді. UTEBAYEV UNIVERSITY мен «Trans Caspian Cargo» компаниясы алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button