Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Кітап-AМANAT» мәдени-ағарту орталығы ашылды

«AMANAT» партиясының отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, адамдарды оқуға ынталандыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған «Кітап-AMANAT» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалында «КІТАП-AMANAT» мәдени-ағарту орталығының ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

15e6555c 0e14 42b9 b5aa 8bf12b53a4a5

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударды. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстағы басты бағыттың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Президент халық арасында кітап оқу мәдениетін дамытудың маңыздылығын үнемі айтып келеді.

9bcbe293 7753 4782 b156 750ed8a8bf42

– «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» демекші, партияның басшылығымен әр өңірде кітап орталықтары ашылып жатыр. Мақсатымыз – елдегі, өңірдегі ақын-жазушылардың кітаптарын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Облыстық филиал Ұлттық кітап палатасымен меморандумға отырып, бүгінде тікелей баспа бағасымен 700-ге жуық кітап келді. Бұл орталық тек кітап сататын дүкен ғана емес, өңірдің ақын-жазушылары бас қосатын, жаңа кітаптарының тұсаукесері өтетін үлкен орталық болады, — деді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов.

Атырау облысының құрметті азаматы, филология ғылымының докторы, профессор, ардагер ұстаз Қадір Жүсіп пен Қоғамдық кеңестің төрағасы, партия ардагері Максим Ізбасов салтанатты түрде лента қиып, іс-шара қонақтары орталықтың жұмысымен танысты. Мұнда балаларға арналған кітаптан бастап отандық және шетелдік жазушылардың туындылары, психологиялық, қаржылық тақырыптағы танымдық кітаптардың барлығы бар.

– Қазақта «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген бар. Соңғы жылдары халқымыз көп уақыт кітаппен достығын жоғалтып алды. Бүгінгі «AMANAT» партиясының бастамасы ұлттық идеологияға үлкен әсерін тигізетін, сол өшкенімізді жандырып, жоғалтып алғанымызды қайта қалпына келтіріп жатқан жақсы қадам деп есептейміз, — деді Максим Шапихұлы.

ed89a046 75bb 4ed1 874a cb6e3d472a86

Тұсаукесер салтанатында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов пен «Қазақстан Жазушылар Одағының» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының директоры Алия Дәулетбаева өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

a419801d 30bc 40aa 8e92 e56a49625ebb
afa1348a a7b6 408e 901c 32efdfb13b86

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button