Алдағы күндері ауа райы құбылмалы: Жел күшейіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады

photo 88685 Экология

«Қазгидромет» 26, 27 және 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын күтіледі. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман болады», – делінген хабарламада.

Батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-15 градус жылы болады.

Солтүстікте түнде ауа температурасы +7 градустан -7 градусқа дейін төмендейді , күндіз 0 градустан 15 градусқа дейін өзгереді.

Қазақстанның орталығында түнде ауа температурасы +5 градустан -7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2 градустан 16 градусқа дейін жылынады.

Шығыста түнде -3 градустан +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0 градустан 18 градусқа дейін жылы болады.

Оңтүстікте түнде -1 градустан +7 градусқа дейін, күндіз 8 градустан 22 градусқа дейін аздап төмендейді.

Оңтүстік-шығыста түнде -1 градустан +7 градусқа дейін, күндіз 7 градустан 15 градусқа дейін жылынады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз