
Бизнесті қолдау бағытында қандай шаралар алынады?
Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру мәселесі бойынша ҚР Үкіметі маңызды шешімдер қабылдады.
ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінде хабарланғандай, Президенттің 2020 жылдың 16 наурызындағы №287 – «Экономиканы тұрақтандыру бойынша алдағы шаралар туралы» Бұйрығына сәйкес, Үкімет қажетті шаралар қатарын жариялады:
— 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызды тауарларға қосымша құн салығы (НДС) 8%-ға дейін төмендетіледі;
— 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жанармай мен дизель отынын экпорттаушылар акциздерден босатылады;
— заңды тұлғалар және туризм, қоғамдық тамақтану мен қонақүй қызметімен айналысатын жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылады;
— 2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес компанияларының бюджетке төлемдері кейінге шегеріледі.
Амандық АБДОЛ