Жарнама
Экономика

Бизнес саласындағы ашықтық

Салық жүйесі бүкіл мемлекеттік құрылымның тірегі екендігі белгілі. Демек оның тиімділігін  арттыруқажеттілігі туындап отыр. Иә, бүгін Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппайжеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, салықесептілігінің көлемі 30 пайызға қысқаратыны, салықтардың саны 20 пайызға азаятыны, жеңілдіктермен алымдар оңтайландырылатыны белгілі болуда.  Елеулі өзгерістер корпоративтік және жеке табыссалықтарынан бастап инвестицияларды ынталандыружәне салық жүктемесін қайта бөлу секілді барлықнегізгі бағытты қамтиды.

Тоқтала кетері, жаңа Салық кодексінде бизнес үшін есеп беру азайды. Барынша ашықтық жасалып отыр. Салықтық реформалардың негізгі мақсаты – мемлекеттік бюджетті толықтыру ғана емес,  экономиканың тұрақтылығын сақтау болуы тиіс. Ендеше, салық мөлшерінің нарыққа тигізер  ықпалын жан-жақты сараптап, бизнесті қолдау тетіктерінқарастыру қажет.

Б.ӘБІЛЖАНҰЛЫ,

жеке кәсіпкер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button