Мерзімнен бұрын ақша алу депозиттегі жинақты жоғалтады

thinkstockphotos 504532380 Экономика

Биылғы 1 қазаннан бастап екінші деңгейдегі банктерден шұғыл депозит бойынша мерзімінен бұрын ақша алушыларға айыппұл қолданылады. Келісімшартта қарастырылған талап бойынша ол тиісті сыйақының жартысын құрауы ықтимал.

504532380

Мәселен, бір жылға 100 мың теңге салынды делік. Жылдық тиімді сыйақы ставкасы – 12 пайыз. Егер салымшы оны он айдан кейін алса, онда қолына небәрі 104958 теңге тиеді. Ал, толық жылға шыдағанда, 112015 болар еді.

Жалпы, енді банктердегі депозиттер шұғыл және шұғыл емес, сақтаушы делініп үшке бөлінеді. Соңғысынан бөлшектеп ақша алуға жол берілмейді. Мұнда кепілдік сомасы 15 млн. теңгеге тең. Ал, шұғыл және шұғыл емес депозиттер бойынша 10 миллион көлемінде қалды. Жұртшылық жиі пайдаланатын шұғыл емес депозит бойынша биылғы 1 қазаннан бастап мерзіміне қарамастан сыйақы мөлшері 10,5 пайыз болып белгіленді. Бұл ретте салымшы жинағын ара-тұра толықтыруға немесе оның бір бөлігін алуына болады.

Әрине, әр қаржылық құрылымда сыйақы көлемі түрліше белгіленуі мүмкін. Көпшілік мұндай бастаманы екінші деңгейдегі банктерді сауықтыру шарасы ретінде қабылдауда. Өйткені, олардың бірінен соң екіншісі банкрот атанып, қатардан шығып жатқаны жасырын емес. Ал, оларға ұдайы мемлекет есебінен қолдау көрсету – мүмкін емес нәрсе. Алайда, осы қаржы құрылымдарында қазақстандықтардың қаражаты жинақталғанын ескерсек, бұл да – жедел шешімін күткен мәселе.

                                                                                                           М.БАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз