Атырауға 8,9 трлн теңге инвестиция тартылуда

20180212110741 Жаңалықтар

«Осынау инвестиция аясында облыс көлемінде 190-нан астам жоба жүзеге асады» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау облысын дамытуға бағытталған кешенді даму жоспары аясында тартылатын инвестиция көлемі 8,9 трлн. теңге. Оның ішінде, 8,3 трлн. теңге жеке инвестиция тарапынан жүзеге асады. Негізінен инвестиция  кәсіпкерлік, өнеркәсіп саласына  салынады. Соның ішінде, Теңіз мұнай кешені саласына мол инвестиция  қарастырылған. Бұл облыстың экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашады» деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз