«Бизнес прокурордың қорғауында»
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау — прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі.
Қала прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаумен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында бірқатар шараларды іске асырды.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында прокурорлар 2 100 астам кәсіпкердің құқығын қорғады, 4 проблемалық мәселелері шешілді.
Атап айтқанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация Атырау облысы бойынша филиалымен шағын кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы тіркеуден заңсыз бас тарту тәжірибесі тоқтатылды.
Заңға сәйкес бұл бизнес субъектілерін тіркеуден бас тартуға тыйым салынады.
Одан бөлек, мемлекеттік органдардың 300 астам заңсыз актілері, 253 негізсіз тексерулердің күші жойылды.
Мысалға, кәсіпкердің арызын қарау барысында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкері кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерісті тіркемей, құжаттарды сұратып, айғақ беруге шақыртқаны анықталды.
Арыздың қарау нәтижесімен прокурордың қаулысы негізінде заңсыз тексеріс жүргізу фактісі бойынша лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Жалпы кәсіпкерлердің құқықтарын өрескел бұзған 11 лауазымды тұлға тәртіптік, 5 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Атырау қаласының прокуратурасы