Нұрсая ықшам ауданында жылу беру уақытша тоқтатылды

trfuthjfjj Жаңалықтар

Бұл туралы қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Нұрсая ықшам ауданындағы диаметрі 426 мм жалпы ұзындығы 3045 метрді құрайтын 87 көп қабатты тұрғын үйлер және №40 орта мектепке жылу беретін магистральді жылу құбырынан 26 желтоқсан күні ақау анықталып, сағат 11:30-да уақытша жөндеу жұмыстары аяқталғанша жылу құбыры тоқтатылды. Нақтылай айтсақ, жылу беру тоқтатылған №1-27, №55-70, №80-11, №112-121 және Нарынбаев 17, 15, сонымен қатар Маденов 14а мекенжайындағы үйлер, – деді Т.Әубәкіров.

7755

Оның айтуынша, аталған жылу құбырына жөндеу жұмыстарын «Атырау Жылу Жүйелері» АҚ жасап жатыр.

Ал «Атырау Жылу Жүйелері» АҚ бірініші вице-президенті, бас инженер Әлібек Темірғалиев аталған жұмысқа 15 қызметкер мен 5 техника тартылғанын жеткізді. Жөндеу жұмыстары біткен бойда жылу беру қайтадан іске қосылатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз