Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Біздің Баянның байрағы

Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен журналистерге арналған оқыту тренинг болып өтті. Шара барысында аталған министрліктің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек бұқараның, әсіресе, жастардың экстремистік идеяларға қарсы иммунитетін күшейтуде және радикалды ағым жетегінде кеткендерді оңалту жұмыстарын жүргізудегі БАҚ рөліне тоқталып, тақырыптық материалдар жариялауда сала мамандарының пікіріне жүгінуді ұсынды.

%d0%b1%d0%b8%d0%b7%d0%b4%d0%b8%d0%bd-%d0%b1%d0%b0%d1%8f%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%bd

Тренинг барысында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директорының орынбасары Михаил Комиссаров, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ өкілі Қайнар Олжай, «Bnews» порталы бас редакторының орынбасары Салтанат Тоқабековалар дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттаудағы журналистік этика мәселелері туралы пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында дін саласындағы мәселелерге тереңінен қалам тербеп жүрген республикалық, аймақтық деңгейдегі телеарна, газет саласының бірқатар журналистері Алғыс хат және қаржылай сыйақымен марапатталды. Олардың қатарында әріптесіміз, облыстық «Атырау» газетінің бөлім меңгерушісі Баян Жанұзақова, «Орал өңірі» газетінің журналисі Ұлдай Сариева, «Қазақстан» ұлттық арнасының шеф редакторы Азат Рыстанбеков, «Е-Ислам» порталының редакторы Жайық Нағымаш бар.

Өз тілшіміз.

Related Articles

One Comment

  1. Баян, енбегин жемисти болсын! Аркашан да биктерден корине бериниз! Енбектери еленген барлык журналисттерди шын журектен куттыктаймын! Атырау газети ужымына да шын белестер тилеймин! Жасай бериниздер!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button