Біз білетін бауырсақтың да бірнеше түрі бар (+ФОТО)
Ұлттық тағамдар күні Жылыой ауданында да аталып өтілді.
Биылғы наурыз мерекесі өткен жылдағыдай емес, онлайн форматта өткізіліп отырғандығы белгілі. Соған қарамастан тұрғындар бұл айдағы ерекшеліктердің бірі наурыз көженің дайындалу жолдары мен басқа да ұлттық тағамдардың алар орны мен әзірленуі туралы бейнекөріністер ұсынды. Қазақтың ұлттық тағамдары – бауырсақ, шелпек, бұжы, шұбат тағамдарын таныстырып, олардың өзіндік қасиеттерімен бөлісті. Біз білетін бауырсақтың да бірнеше түрлері бар екен. Айталық, жалпақ бауырсақ, ши бауырсақ, май бауырсақ, шәй бауырсақ деген түрлерінің де өзіндік маңызы бар.
Көпті көрген Жылыой ауданының тұрғыны Сәнжан апай да Наурыз көженің пісірілуі туралы білгенін жастармен бөлісті.
- Наурыз көжеге қазы, бидай, кішміш (мейіз), айран немесе сүт, езілген құрт, жылқының сорпасын да қосады. Әр жерде әрқалай жасалу жолдары бар ғой. Әр күніміз баянды, сөзіміз көжедей тәтті, өміріміз мәнді болсын! – деді Сәнжан ана.
Қабдырахман Ысық