Жарнама
Жаңалықтар

Биылғы жаз жылдағыдан ыстық болады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев облыс әкімдіктерін өртке қарсы дайындықты күшейтуге шақырды.

Үкімет отырысында министр орман күзетіне жауапты органдардың өртке қарсы дайындығы туралы баяндама жасаған.

— «Қагидрометтің» болжамы бойынша биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өртінің алдын алып, жою бағытында жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық дайындыққа келтіру қажет, — деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында өрт сөндірушілер қамыс пен шөпті шарпыған тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.

kaz.inform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button