Атырауда өрт сөндірушілер тұрғын үйді толықтай жанып кетуден сақтап қалды

img 20210120 wa0020 Жаңалықтар

«Оқиға 18 қаңтар күні Атырау қаласындағы Ақдепо ауылында болған» деп хабарлайды Atr.kz

17 сағат 43 минутта өрт сөндірушілер пультына тұрғын үйдің жанып жатырғаны туралы хабар түседі. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері барған кезде Ақдепо ауылындағы, Тұмар ханша көшесінде орналасқан тұрғын үйдің кіреберіс және жылыту қазандығы бөлмелерінің төбе жабындысы өртеніп жатқаны анықталады. 

«Оқиға орнында өрт сөндірушілердің жедел әрі, жұмыла әрекет етуінің  нәтижесінде өрттің тұрғын үйге таралауына жол берілмеді.
Өрт сағат 18:04 минутта оқшауланып, 18:15 минутта толықтай жойылды» делінген Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Алдын-ала болжам бойынша, өрт ток жүйесінің қысқаша тұйықталуынан орын алған.

Өрт кезінде үйде ешкім болмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіруге 3 бірлік техника мен 10 жеке құрам жұмылдырылды.

img 20210120 wa0018
Фото – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз