whatsapp image 2019 12 13 at 16.53.48

Биыл ҚР мәслихаттарының құрылғанына – 25 жыл

Жаңалықтар

Atr.kz/13 желтоқсан, 2019 жыл. Қазіргі таңда мерейлі мерекеге орай Атырау облысында іс-шаралар өтуде , – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық мәслихаты практикалық конференция мен салтанатты жиын өткізуге ниетті. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте  Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ  Зинуллин мәлімдеді.  
– Жыл басынан бері облыстық мәслихатта  40-тан астам сессиясында 112 мәселе қарастырылды.  Бұл мәслихаттың  өңірлік мәселелерге баса назар аударып жатқандығын көрсетеді, – деді Өмірзақ Зинуллин.
Сонымен қатар, мәслихаттар әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге де белсене атсалысады.  Солардың бірі – аудандық депутаттар.  Олар өз тараптарынан демеушілік жасау барысында  жыл сайын  көптеген мәселелердің шешімін тауып жүр.

whatsapp image 2019 12 13 at 16.53.48 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған