Жарнама
Жаңалықтар

Биыл Атырауда жаңа оңалту орталығы ашылады

Өткен жылы Атырау облысында мүгедектігі бар балаларға арналған жаңа 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды. Жоба облыстың кешенді жоспарына енгізіліп, өңірдегі әлеуметтік қолдау мен оңалту қызметтерін жақсартуға бағытталған.

Орталық Атырау қаласы Алмалы ауылында салынып жатыр. Былтыр құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған нысан 2025 жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жаңа орталық мүгедектігі бар балаларға сапалы медициналық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған. Жоба ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру сапасын арттырып, олардың оңалту қызметтеріне қолжетімділігін жақсартуды көздейді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button