
ЖаңалықтарҚоғам
Биыл Атырауда 2 257 жер учаскесі беріледі
Atr.kz/20-ақпан. Өткен жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1 177 жер учаскесі табысталды.

Оның 430-ы Атырау қаласында. «Биыл бұл көрсеткішті 2 есеге арттырып, 2 257 жер учаскесін беруді жоспарлап отырмыз» деп нақтылады облыс басшысы Нұрлан Ноғаев есеп беру жиыны кезінде.
Айта кетелік, қазіргі таңда облыс бойынша 111 764 азамат (оның ішінде Атырау қаласы бойынша — 86 963 азамат) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі кезегінде тұр.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА