WhatsApp-та екі апта интернет болмайтыны туралы ақпарат тарап жатыр

photo 377496 Жаңалықтар

WhatsApp мессенджерінде «26 сәуір мен 10 мамыр аралығында Қазақстанда интернет болмайды» деген хабарлама тарап жатыр. Мұндай мәлімет Павлодар облысында ақпараттық бюллетень түрінде пайда болған.

Тараған ақпаратты облыстық Цифрландыру департаменті жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сіздерді ресми дереккөзден алынған ақпаратқа сеніп, фейк таратпауға шақырамыз», – делінген хабарламада.

StopFake.kz сайты да хабарламаға сенудің қажеті жоқ екенін айтты. Қазақстанда 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында интернетті өшіру жоспарланбаған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз