Биыл 5286 атыраулық түлек мектеп бітірді

101843739 968633996904600 4078134755369943040 o Білім

Аtr.kz/4 маусым, 2020 жыл. Бүгін, облысымыздағы білім беру ұйымдарының түлектері үшін «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» тақырыбында аттестат тапсыру рәсімі басталды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биылғы «Соңғы қоңырау» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған алгоритмді, санитарлық эпидемиологилық талаптарды қатаң сақтаумен өтуде.

Айта кетейік, биыл облыста барлығы 5286 оқушы мектеп бітірген. Оның ішінде 229 түлек «Алтын белгі» атанса, 183 бітіруші үздік аттестат алады.

Сонымен қатар, іс –шара аясында Қазақстан Республикасының Гимнінің авторы Ж.Нәжімеденовтың 85 жылдығына орай ақын жырларын оқу эстафетасы жалғасын тапты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз