Жарнама
Жаңалықтар

Биыл Атырауда қанша тұрғын пәтерге қол жеткізеді?

Бүгін Атырауда облыс активі жиынында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «бес әлеуметтік» бастамасын талқылады, — деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникалар қызметі.

267b4dd2-dc51-4bb4-829c-e1ab52bd6d3d

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев өз сөзінде Атырау облысы жұртшылығы тарапынан мемлекет басшысының бастамасы қолдауға ие болғанын айтты.

Президент ұсынған бастамалардың әрқайсына жеке тоқталған Нұрлан Ноғаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шолу жасап, құзырлы органдардың алдында тұрған нақты міндеттерді саралады.

-Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасын енгізу ұсынылып отыр. Сол арқылы жұмыс істейтін әр қазақстандықтың жеңілдікпен ипотекалық қарыз алуына мүмкіндігі болады. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан көп емес, бастапқы жарна – 20%-дан көп емес, несие мерзімі 25 жылға дейін.Бұл бастаманы орындау жергілікті атқарушы органдардың міндеті,- деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының айтуынша, 2017 жылы Атырау облысында 624,145 мың шаршы метр тұрғын үй, 5252 пәтер пайдалануға берілді. 2016 жылмен салыстырғанда берілген тұрғын үй көлемі 12%-ға артты. Мемлекет қаражаты мен жеке қаржыландыру есебінен 36 көп қабатты тұрғын үй берілсе, бұл осы бағыттағы жұмыстарды белсенді түрде жалғастыру қажет екенін көрсетеді.

-Мемлекет басшысы ұсынған ипотекалық несие беру бағдарламасы ел азаматтарының жеке баспаналы болуларына жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазір облыс бойынша 3892 пәтерлі 44 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Оның 34-і, яғни 2164 пәтер биыл жылдың аяғына дейін беріледі. Президент ұсынған ипотекалық несие берудің жаңа талаптары халыққа көптен күткен баспаналарын жеңілдікпен алуға жағдай жасайды. Банктердегі депозиттерде облыс тұрғындарының 21 млрд теңге мөлшерінде қаражаты жиналған. 2017 жылы екінші деңгейлі банктер 8,6 млрд теңгенің 860 ипотекалық несиесін берсе, биыл бұл көрсеткішті екі есеге (16 млрд теңгеге 1600 несие) дейін көбейту жоспарланып отыр, — деді облыс әкімі.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button