COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Біргеміз: қазақстандық дәрігерлер видео үндеу жасады (+ ВИДЕО)
Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Карантин талаптарын сақтап, үйде отыруға үндеген дәрігерлер видеосын коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған жедел штаб таратты.
Еске сала кетелік, елорда уақытымен 00.30 сағаттағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 284 адамға жетті. 20 адам вирустан жазылып шықты. Бір адам көз жұмды.
Атырауда қазір 12 адам аталмыш дерттен емделіп жатыр. Қазіргі таңда елорда, Алматы және Атырау қалалары карантин жағдайында. Ақтау қаласына бірқатар шектеулер енгізілді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА