Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Біргеміз: Отандық компания Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы блокбекеттерге 25 көлік сыйлады

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» холдингі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы блокбекеттерге 25 көлік сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штабтарға 30 автомобиль тапсырды.

Атап айтқанда, елорда блокбекеттеріне – 15, Алматы блокбекеттеріне 10 көлік жеткізілді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасына 5 көлік берілді.

«Күн сайын елдегі жаңалықтарды бақылап отырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуінде осындай қиын-қыстау кезде ешкім тасада қалмай, өз мүмкіндігінше әрекет ету керектігін айтты. Біз де қарап қалмай коронавирустың алдын алу мақсатында құрылған штаб өкілдеріне 30 көлік жіберуді жөн санадық», — дейді компанияның бас директоры Ерік Сағымбаев.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau%d2%93a-arnajy-rejspen-eki-oblysty%d2%a3-studentteri-%d2%b1shyp-keldi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button