Жарнама
Жаңалықтар

Бір сағат бұрын жолда ескерту алған жүргізуші жол апатына түсіп, екі адам қаза болды

Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қауіпсіздігін алдын алу бағытында жүргізген патрульдік полиция ротасының ескертуіне қарамастан бір сағаттан соң жол көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты. 15 қаңтар күні сағат 14:00-де полицейлер жүргізушілерге жолдың тайғақ болуына байланысты сақтық шараларына мұқият болу керектігін ескерткен. Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 53 шақырымында қоғамдық автокөлік пен маркасы Chevrolet Cobalt автокөліктері соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қаза болды.

img 6014 1
Screenshot

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сала қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта өтейік, Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ауа райының тайғақ және қолайсыз болуына байланысты жүргізушілерге ескерту жұмыстарын ұдайы өткізуде.

-Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Жолдың тайғақ болуы және ауа райының нашарлауы көлік жүргізу қауіпсіздігін айтарлықтай төмендетеді, сондықтан барлық жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз, — делінген баспасөз хабарламасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button